Ертегі мәтіндері аудармасының лингво-стилистикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 370 / PDF жүктеулері: 222
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-17-23Кілт сөздер:
аударма, ертегі мәтін, мәдени атаулар, неомастикалық шындық, аударма мәселелері.Аңдатпа
Мақала аударманың лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін,
ертегі мәтіннің аудару барысында туындайтын теориялық және практикалық мәселелерін
қарастыруға арналған. Бұл мәселенің өзектілігі - мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне
қызығушылықтың артуымен, атап айтқанда, аудармашының мәдени таңбаланған сөздердің
(мәдениатаулардың) мағынасын шет тіліне адекватты жеткізе алуымен анықталады. Мақаланың
мақсаты - мәдени атауларды өзге тілге тәржімалау кезінде туындайтын қиындықтарды анықтау.
А.Н. Афанасьев жинағынан алынған халық ертегілері аудармаларын мысалға ала отырып,
мәдениатауларды аударудың ең адекватты тәсілдері қарастырылған: аударылған мәтіндегі
түпнұсқа мәтіннің мәдени әлеуетін беру және сақтау дәрежесі.
Әр түрлі мәдениеттер мен тілдер үшін ақпаратты қабылдау кезінде көптеген қиынтықтар
туады, әсіресе белгілі бір лексикалық бірлікті немесе тұжырымдаманы аудару барысында.
Аударма практикасында нақты лексиканы аудару үшін ғасырлар бой тілдік
байланыстардың нәтижесінде жиналған лексикалық және грамматикалық сәйкестіктер туралы
білімдердің көптеген әдістері мен тәсілдері қолданылады. Жалпы қорытып келсек,
ономастикалық емес мәдени атауларды аудару кезінде ең көп пайдаланылатын әдіс- калькалау
әдісі болып табылады.Сипаттамалық аударма, транслитерация және транскрипцияда осы топ
сөздерінің ерекшелігіне байланысты жиі кездеседі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




