Қытай және қазақ тілдеріндегі тыйым сөздердің лингвомәдени сипаты
Қаралымдар: 276 / PDF жүктеулері: 230
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-8-16Кілт сөздер:
Тыйым сөздер;, табу, қытай тілі, қазақ тілі, эвфемизмдер, мәдениет, салт-дәстүрАңдатпа
Дүниежүзіндегі қай халықтың тілі мен дәстүрлі мәдениетін алсақ та, дерлік
бәрінің тілі мен салт-дәстүрінде, адамдардың күнделікті қарым-қатынасын,
коммуникациясын, пікір-алмасуын ерекшелендіріп, реттеп отыратын тыйым сөздер
яғни табу сөздерді кездестіреміз. Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тіл,
мәдениет, тарих, діни сенім-нанымдары ескеріле отырып, лингвомәдениеттану
ғылымының ұстанымдары тұрғысынан тыйымсөздердің қолданылу ерекшелігі
салғастырыла қарастырылады. Қытай және қазақ тілдеріндегі тыйым сөздер қоғамдық
өмірдің барлық саласын қамтитындықтан, тыйым сөздерді аталған екі тілде өзара
пікірлесуге, аударма барысында дұрыс пайдалануға, екі ел халықтарының өкілдері
арасындағы диалогтың ақаусыздығына, тіпті ұлт болмысын айқындауына мүмкіндік
береді. Сонымен бірге тілдегі тыйымсөздерді салғастыра қарастыру тіл үйренушілерге
кездесетін кедергілердің де алдын алуға көмектесетіні айқындалады. Дәйекті
мысалдармен этнолингвистикалық құбылыстың біріне айналған тыйым сөздердің
қолданылу аясы мен қолданылмайтын жағдайлары ашып көрсетіледі. Атап айтқанда екі
тілде де тыйым салынған сөздерді қолданудың жалпы сипаттамалары діни сенімнаным, психологиялық және физиологиялық тұрғыдан салыстырылады. Қазақ және
қытай тілдеріндегі тыйым сөздерді тілдік ерекше категория ретінде ала отырып,
олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері, өзара ұқсастықтары түрлі мысалдар
арқылы қарастырылады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




