Көркем мәтіннің субъектісі ретіндегі тұлға экологиясының мәселелері (Н. Веревочкиннің «Зілдің тісі. Жансыз қаланың жылнамасы» романы негізінде)
Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 169
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-122-131Кілт сөздер:
тұлға экологиясы, постмодернизм, дефекцитті кейіпкер, Николай ВеревочкинАңдатпа
Бұл мақала өзекті пәнаралық мәселе – әдебиеттану жөніндегі көзқарас мәнмәтініндегі
тұлға экологиясын зерттеуге арналған. Жеке психикалық құрылым құбылысын зерттейтін тұлға
экологиясы қазіргі уақытта бірнеше бағытта – жеке тұлғаны қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде
түсіндіретін панэкологиялық бағыттан бастап, оның бірегей тұлғалық қасиеттері субъективті
интеракциялық процестердің ағымына қатысатын психологиялық бағытқа дейін дамып келеді.
Әдебиет те осы құбылысты зерттеу материалы бола алады. Субъектілік ұйымдастырылуы
талданатын мәліметтер болып табылатын көркем мәтін бізге тұлғалық экология тұрғысынан
зерттеуге болатын тұлғалардың түрлерін ұсынады. Бұл жұмыста біз мұны постмодерндік мәтін – Н.
Веревочкиннің «Зілдің тісі. Жансыз қаланың жылнамасы» атты шығармасы мысалында көрсетуге
тырыстық. Романның бас кейіпкері – өзі үшін жаңа әлеуметтік орта мәнмәтінінде өзінің жағымсыз
нұсқамаларын жеңетін дефекцитті тұлғаның классикалық үлгісі. Мифпоэтикалық талдау және
психологиялық түсініктеме беру әдісін пайдалана отырып, біз қазіргі қазақстандық прозаның
кейіпкері – тек белгілі бір мән-жайлар ғана қалпына келтіретін ішкі экологиясы бұзылған тұлға
(сюжеттілік деңгейінде ұғындырылған) деген қорытындыға келдік.