Тарбағатай топонимдеріндегі атаулар семантикасы
Қаралымдар: 353 / PDF жүктеулері: 678
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-140-3-95-102Кілт сөздер:
топоним, фольклор, миф, аңыз, әпсана, этимология, ілкі баба.Аңдатпа
Мақалада Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданында кездесетін тарихи топонимдер қарастырылады. Қазақ топонимдік фольклор үлгілерінің ішінде Тарбағатай өңіріне қатысты аңыз-әпсаналар зерттеу нысанына алынып, олардағы жер атауларының мән-мағынасы, тарихи-танымдық бастаулары талданады. ХҮІІІ–ХІХ ғасырларда жазылған саяхатшылар еңбектеріндегі жер-су атауларына қатысты мысалдар дәйектемелер ретінде назарға алынады. Тарбағатай ауданының аумағында орналасқан елді мекендердің атауларының қойылуы топонимдік миф, аңыз, әпсана түрінде айтылып, ел жадында сақталып келгендігі мысалға келтіріліп, талдаулар жасалады. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей зерттеушілерінің еңбектеріндегі Алтай мен Тарбағатай, Зайсан туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректерден мысалдар келтіріледі. Топонимдік аңыз, әсаналарға жататын Асан қайғының жер туралы айтқан сындары, Толағай туралы аңыздарындағы ақпараттық-деректік мәліметтер жинақталады. Жүз томдық «Бабалар сөзі» жинағының топонимдік аңыздарға арналған томдарына кірген мәтіндер мысалға алынады. Ел аузындағы Толағай туралы аңыз нұсқалары салыстырылды, шығу тегі түсіндіріледі. Тарбағатай топонимдік аңыздарының ішінде көп ұшырасатын Арғанаты атауына қатысты аңыздар жүйеленді. «Арғанаты» атауын зерттеу барысында М.Қашғари сөздігі, академик Ә.Қайдар мен ғалым А.Әбдрахманов, Т.Жанұзақтың талдаулары негізге алынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




