С. Мұқановтың эпистолярлық мұрасындағы Шоқан Уәлиханов жайлы деректер
Қаралымдар: 482 / PDF жүктеулері: 706
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-95-101Кілт сөздер:
эпистолярлық мұра, хатАңдатпа
Сәбит Мұқанов алғашқылардың бірі болып Шоқанның бай мұрасына
үңіліп, зерттеу жүргізді. Шоқанның жүріп өткен жолы, шығармашылығы,
тағдыры жазушыны ертеде-ақ қызықтырған. Ленинградта оқып жүріп архивтерден
Ш.Уәлиханов туралы деректермен танысады. Осы кезден бастау алған Сәбиттің
Шоқан туралы зерттеулері елге келгеннен кейін де өзінің жалғасын табады.
Жазушының жылдар бойғы қажырлы еңбегінің арқасында «Шоқан Уәлиханов», «Аққан
жұлдыз» және тағы басқа кітаптары жарыққа шығады.
Мақалада жазушының эпистолярлық мұрасын негізге ала отырып, Шоқан Уәлиханов
туралы деректер талданады. Сәбит Мұқановтың Шоқан туралы зерттеу жолындағы
ізденістері туралы баяндалады.
Сонымен қатар мақалада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатында
сақталған Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасына, әсіресе оқырман хаттарына
талдау жасалады. Бұл хаттар Мұқановтың шығармашылық зертханасының кілті
болып табылады.
Автор «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасына жазылған
оқырман хаттары арқылы сол кездегі қоғамның шығармаға деген көзқарасын саралап,
туындыдағы кейбір деректерді айқындауға тырысады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




