Үйде интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту мәселелері
Қаралымдар: 302 / PDF жүктеулері: 306
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-61-68Кілт сөздер:
үйде интернационалдандыру, білім беру, лингвомәдениеттану, лингвомәдени құзыреттілік, COILАңдатпа
Жоғары кәсіби білім беруді интернационалдандыру білім мен
ғылымның сапасын арттыруға бағытталған өзгерістерді көздейді. Халықаралық
академиялық ұтқырлық деңгейін арттыру халықаралық ынтымақтастықтың
жаңа формаларының пайда болуына ықпал етеді. Интернационалдандыру бүгінгі
студенттердің білімін, құзыреттілігін және дағдыларын дамытуға үлкен
мүмкіндік береді. COIL платформасын пайдалану арқылы жергілікті және шетелдік
оқытушылардың өзара ынтымақтастығы және басқа елдің мәдениетімен танысудың
жаңа мүмкіндіктері пайда болады. COIL студенттерге халықаралық және көп
мәдениетті білім алуға, виртуалды ұтқырлық арқылы білім алмасуға, жоғары
білім беру саласындағы ынтымақтастық, мәдениетаралық құзыреттіліктер мен
цифрлық дағдыларды дамыту қабілеттерін шыңдауға жол ашады. Университеттегі
интернациаландандыру – бұл білім беру, ғылыми зерттеулер мен білім алмасудағы
халықаралық немесе жаһандық ықпалдасу үрдісі.
Мақалада «үйде интернационалдандыру» негізінде студенттердің лингвомәдени
құзыреттіліктерін қалыптастырудың жолдары зерттелген. Лингвистика,
лингвомәдениеттану, лингвомәдени құзыреттіліктер, интернационалдандыру
феномені терминдерін толық түсіну үшін отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдар
мен зерттеушілердің ғылыми жұмыстарына теориялық және тақырыптық талдау
жасалынды. Әдебиет көздерін талдау зерттеу жұмысының маңыздылығын бағалауға,
теориялық және әдіснамалық ұстанымдармен негіздеуге мүмкіндік береді. Зерттеу
тобымен қарастырылған ғылыми әдебиеттер алдағы практикалық жұмыстарға
септігін тигізеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




