Терминологиялық жүйелілік арнайы мақсаттарға арналған тілді зерттеудің лингводидактикалық аспектісі ретінде
Қаралымдар: 306 / PDF жүктеулері: 399
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-27-38Кілт сөздер:
терминология, терминологиялық жүйелілік, арнайы мақсаттағы тіл, лингводидактика, бейіндік деңгей.Аңдатпа
Қазіргі әлемдегі технологиялар мен инновациялардың, сондай-ақ коммуникативтік
кәсіби саланың дамуы бейін алдындағы және бейіндік деңгейлерде арнайы (кәсіби) мақсаттарға
арналған тілді оқытуға көбірек көңіл бөлуді талап етіп отыр. Белгілі бір білім саласы ұғымдарының
жүйесі ретіндегі арнайы мақсаттағы тілге лингводидактикалық көзқарас және олардың жіктелуі әр
алуан кәсіби саладағы әртүрлі тілдік лексиканың өзара әрекеттесу, өзара ену және өзара әсер ету
процестерімен анықталады. Жүргізілген талдау арнайы мақсаттарға арналған тілді кәсіби қызметтің
белгілі бір саласындағы білімді жүйелеу және тиісті білім саласының ұғымдарын белгілеу және
олардың практикалық тұрғыдан қолдану үшін байланысы түріндегі негізгі тілдік функцияларды
қамтамасыз ете алатын күрделі жүйелік білім ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мақалада
арнайы мақсаттарға арналған тілдің терминологиялық жүйелілігінің теориялық және практикалық
негіздемесі келтірілген, қазіргі көптілді бағыт аясында үштілді, пәнаралық терминдерді талдау
арқылы біріктіріп зерттеудің мүмкіндіктері мен жетістіктерінің мысалдары көрсетілген
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




