Балаларға арналған фольклорлық шығармаларды игерту жолдары
Қаралымдар: 234 / PDF жүктеулері: 996
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-161-169Кілт сөздер:
фольклор, балалар фольклоры, бала психологиясы, фольклорлық шығармалар, танымдық қабілеттерАңдатпа
Бұл мақалада балаларға арналған фольклор шығармаларынмектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес өзіндік қиял-армандарын, талаптарын,
ой-пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыруға болатыны және соны жүзеге асырудың жолдарын туралы
баяндалады. Балалар фольклоры мұраларын жинақтап, ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған рухани азығын сіңіріп, оның шығу тарихын игеру, ғылыми тұрғыда талдау жасау, тәжірибе жүргізу елеулі еңбектің нәтижесін көрсетеді. Балаларға арналған фольклор
туындылары олардың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр екені
анық. Бала психологиясының даму ерекшеліктеріне сəйкес жазылған мазмұнды шығармалардың барлығы дерлік олардың танымдық қабілеттерінің дамуына, сөздік қорының
молаюына септігін тигізіп, ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттырады. Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлының еңбектерінде балаларға арналған ертегілер, мақал-мəтелдер,
өсиет сөздер мен қисса-дастандар бүгінгі жасөспірімдерді халық педагогикасының қағидалары негізінде тəрбиелеуде, мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда негіздеуде аса құнды құрал екендігі баяндалады. Халық мұрасының бастауы ретінде фольклорлық шығармалар баланың өмірге келген күнінен бастап
тікелей тәрбиеге бағытталған оңтайлы тәрбие құралдарының бірі ретінде маңызды
орын алады. Мақалада көтерілген мәселе өзектілігі мен маңыздылығын жоймайды, қайта жаңарып, жаңғырып, бала тәрбиесіндегі отбасының, ата-ананың, халықтың, жалпы
қоғамның білімі мен біліктілігін арттырады. Балалар фольклоры сәбидің санасына ес
біле бастаған күннен бастап анасының әлдиімен сіңіп, жасы өскен сайын байиды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




