Ауған соғысы тақырыбындағы шығармалардың поэтикалық сипаты
Қаралымдар: 459 / PDF жүктеулері: 1845
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-120-135Кілт сөздер:
Ауғанстан соғысы, әдеби үдеріс, туындылардың жанрлық жүйесі, тақырып, көркем шындық, деректі проза, көркем публицистикаАңдатпа
Адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың әдебиет пен көркем публицистикада орын алып, көркемдік-тарихи тұрғыдан суреттелуі, жеке қаһарман тұлға образдарының жасалуы өнер заңдылығы болып саналады.
КСРО тарихындағы сондай оқиға - 10 жылға созылған Ауған соғысы (1979-1989). Алып
империя әскерін Ауғанстан территориясына енгізіп, елдің 21 провинциясында ұрыс операцияларын жүргізді. Бұл ұрыстарға Қазақстаннан әскер қатарына шақырылғандар да
қатысты. 27 жастағы Бақытжан Ертаевтың батальоны тау-шатқалды Кунар өзенінің
бойында, «қара майор» атанған Борис Керімбаевтың батальоны «Паншер» алқабында
батыл ұрыс оперцияларын жүргізді. Соғыс шығынсыз болмайды. Бейбіт заманда көптеген шаңырақ қайғы-қасірет шекті. Қазақстаннан бұл соғысқа 22 мың адам қатысса,
олардың 1000-ға жуығы соғыс құрбаны болды, 20 адам із-түзсіз жоғалды [1].
Қаһармандық пен қасірет өмірде де, өнерде де ізін қалдырады. Ауғанстан шайқастары жөніндегі хабар кезінде халыққа ашық жетпеді. Шындықтың халыққа жете
бастауы соғыстың аяқталуымен, соғысқа қатысушылардың елге аман-есен оралуымен
байланысты болды.
Алғашқы ретте естеліктер, әр алуан сипаттағы мақалалар мен сұхбаттар, очерктер,
арнау өлеңдер, соғыс лирикалары жазылды. «Боздақтар» кітабы шығарылды. Естеліктер
ұлғая келе көркем публицистикаға ұласты. Ауған соғысы тақырыбын өз шығармаларына негіз етіп алған қазақ қаламгерлері көбейе бастады. Сан алуан жанрда кітаптар
шыға бастады. Ауған соғысына қатысушы адам тағдыры ауыр да бұралаң бейне ретінде
көркем шығарма кейіпкерлеріне айналды.
Қалай дегенде де, әдебиетте де, публицистика да Ауған соғысы тақырыбына қатысты
әдеби, публицистикалық үдеріс бар. Ұлттық әскери проза мен әскери әдебиеттің өзге
жанрларының дамуында бұл соғыстың орны ерекше болды. Өйткені ұрпақ басынан өткен соғыс жағдайы мен оның елге әкелген қайғы-қасіреті әдебиетке, көркем публицистикаға өз тақырыбын ұсынуы өмір, өнер заңдылығы болып табылады. Әр алуан жанрдағы
туындылардың жазылуы әдебиет тарихында да бұл тақырыптың зерттелуі өзекті
мәселе болып саналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




