Семей қасіретінің қазақ поэзиясындағы көрінісі (Ұ.Есдәулет, Т.Әбдікәкімов, Б.Жақып щығармалары негізінде)
Қаралымдар: 360 / PDF жүктеулері: 1162
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-97-102Кілт сөздер:
Семей қасіреті, поэзия, поэма, тақырып, идея, кейіпкер, атом полигоныАңдатпа
Дүниежүзінде ашық түрде жарияланбай, құпия жүргізілген, тірі адамның
жаны түршігерлік алапат соғыс қазақ жерінде ғана өтті. Ол – Семей ядролық сынақ
майданы. Бұл туралы кеңестік дәуірде ашып айтуға болмайтын құпия еді. Егемендігімізді алғаннан кейін ақын-жазышылармыз, журналист қаламгерлеріміз көркем әдебиетте осы тақырыпты қаузап, жаңа леппен шығармалар тудырды.
Ұлықбек Есдәулет, Тыныштық Әбдікәкімов, Бауыржан Жақыптың Семей қасіреті
туралы жазған поэзиялық туындылары қазіргі қазақ әдебиетінде құнды рухани қазына
деуге болады. Семей атом полигонының табиғат пен адам баласына әкелген қасіреті көркем тілмен шынайы суреттелген. Ақын Ұ.Есдәулеттің «Заман-ай», Т.Әбдікәкімовтің
«Қара дала» өлеңдері және Б.Жақыптың «Жан дауысы» поэмасындағы Семей полигоны
қайғысы мен қасіреті жан-жақты баяндалады. Мақалада ақындардың Семей қасіретіне
арналған поэзиялық шығармалары арнайы қарастырылып, әдеби талдау жасалады. Сондай-ақ Семей қасіретінің қазақ поэзиясында бейнелену, суреттелу, байыпталу үдерісі
зерделенеді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




