Түркі лексикографиясының тарамдана дамуы: түрік сөздіктерінің сипаты
Қаралымдар: 288 / PDF жүктеулері: 253
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-32-37Кілт сөздер:
түркі лексикографиясы, түрік лексикографиясы, лексикография тарихы, түрік сөздіктері, сөздіктің түрлеріАңдатпа
Әлемдік тіл білімінде теориялық лексикография ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ал түркі лексикографиясы өзінің тарихи бастауын ХІ ғасырдағы классикалық араб тіл білімімен сабақтаса дамыған орта ғасыр түркі
тіл біліміндегі сөздік түзу ісінен алады. Тарихы мың жылға жуықтаған түркі лексикографиясы ХІ ғасырдағы Махмуд Қашқари дайындаған «Диуани лұғат ат-түрік» атты
әйгілі сөздіктен басталды. Бұл бірегей сөздік түркі тілдерінің сөз қазынасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің басы ғана емес, лингвистикалық түркітану саласындағы ғылыми зерттеулерге осы күнге дейін дереккөз қызметін атқарып келе жатқанымен құнды екені белгілі.
Мақалада түркі лексикографиясы, оның ішінде түрік лексикографиясының дамуы қарастырылады. Түркі лексикографиясында пайда болған алғашқы сөздіктер мен түрік
сөздіктерінің түзілу тарихы жайлы сөз етіледі. Түрік сөздікшілерінің жасаған жұмыстары мен өнегелі еңбектері туралы айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




