Түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы және қазіргі қыпшақ жазба тілдері лексикасының зерттелу барысы
Қаралымдар: 448 / PDF жүктеулері: 1467
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-8-21Кілт сөздер:
түркі тілдері, түркі жазба әдеби тілдері, қыпшақ тілдік тобы, қазіргі қыпшақ тілдері, жазба тіл дәстүрлері, салыстырмалы лексикология, сөздік қазына, лексикалық қор, қазақ тілі, башқұрт тілі, құмық тіліАңдатпа
Мақалада қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясының пәндік
тұғырын қалыптастырудың, соның негізінде түркі тілдерінің сөз қазынасына, сөздік
қорына, сөздік құрамына қатысты тұжырымдамалық ғылыми пікірлерді бір арнаға
тоғыстырудың маңызы өзектеледі. Түркі тілдерінің лексикалық құрамына қатысты
теориялық білімнің және қазіргі түркі тілдерінің лексикалық қорының біртұтас корпусын жасау үшін, ең алдымен, жеке тілдердің лексикология саласында қол жеткізген
жетістіктеріне лингвистикалық сараптама жасаудың қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделіп, қазақ, башқұрт, құмық тәрізді қазіргі қыпшақ тілдерінің сөз қазынасының зерттелу барысына талдау жасалады.
Тіл дамуының тарихи эволюциясы барысында түркі тілдерінің қыпшақ тобына енетін
тілдердің қайсы біреулері жан-жақты дамып, әдеби нормаға түсіп жетілген тілдер деңгейіне көтерілсе, енді біреулері ауыз-екі тілдік сөйленіс, қайсы біреулері белгілі бір тілдің диалектілері, тағы бірісі лингвоэкологиялық жағдайдағы жойылып, жоғалуға жақын
шағын тілдер ретінде бүгінгі түркілік лингоареалда белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметтер атқаруда.
Қазақ, башқұрт, құмық тілдері ‒ ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарынан бастап
ұлттық жазба тілдер болып қалыптасып, дамыған өзара жақын туыстық қатыстағы
тілдер болып саналады. Осы тілдердің әр қайсысын қазіргі қыпшақ тілдері дамуының
қазіргі деңгейі тұрғысынан салыстыру барысында осы тілдер арасындағы лексикалық ортақтықтар мен айырмашылықтардың аражігі нақты айқындалады. Бұл бағыттағы
зерттеулерді қолға алу барысында қыпшақ тобы тілдерінің лексикологиясына қатысты теориялық білімнің ғана емес, сонымен қатар қыпшақтық лексикалық ортақ қордың біртұтас корпусын жасауға мүмкіндік туары сөзсіз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




