Әлемдік фольклортанудағы «перфоманс» (performance) теориясы және оның түркі фольклорындағы көрінісі
Қаралымдар: 191 / PDF жүктеулері: 265
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-135-143Кілт сөздер:
перфоманс, фольклорлық мәтін, айтушы, тыңдарман, айтушытыңдарман-мәтін үштігіАңдатпа
ХХ ғасыр басынан бері фольклорлық мәтінді талдауға қатысты әртүрлі
көзқарас қалыптасып, зерттеудің де түрлі әдісі ұсынылды. Солардың бірі ретінде
«Перфоманс» (Performance) теориясы 1970 жылдан бері әлемнің фольклортанушы
ғалымдары арасында кеңінен талқылап келе жатыр. «Перфоманс» сөзі термин ретінде
сахнада немесе көпшілік алдында орындалған фольклорлық туындыға қатысты
қолданылады. Халық ауыз әдебиеті зерттеулерінде әуелде тың пікірлер айтылғанымен
оларды кешенді түрде саралап, теория ретінде ғылыми ортаға ұсынған Америка ғалымы
Дан Бен-Амос болатын. Ол фольклорлық мәтінге оны айтушының кәсіби шеберлігі,
орындаған сәтіндегі шабыты және тыңдарманның қошеметі тікелей әсер ететінін
дәлелдейді. Сондықтан, фольклорлық мәтінді айтушысымен және тыңдарманымен
бірге, яғни айтушы-тыңдарман-мәтін үштігі аясында зерделеуді ұсынады. Бұл теория
1970 жылдан бері Америкада, Түркияда және Еуропа елдерінде ғылыми зерттеулермен
қатар, білім беру бағдарламаларында қолданылып келеді. Мұндай мазмұндағы
зерттеулер қазақ фольклортануында болғанымен әлемдік үдеріспен байланыстың
тығыз еместігі байқалады. Қазақ фольклоры бүгінгі жаңа гуманитарлық білім аясында
әлемдік тәжірибеге сай жаңаша саралауды қажет етеді. Сондықтан, мақалада
«Перфоманс» теориясы талдана отырып, қазақ фольклорымен байланысы зерделенеді.
Халық ауыз әдебиетінің түрі – айтыс пен жыршылық дәстүрден мысал келтіріліп,
теорияның түркі фольклорындағы орны көрсетіледі
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




