Балалар фольклоры және көркем бейне
Қаралымдар: 317 / PDF жүктеулері: 1259
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-123-134Кілт сөздер:
балалар фольклоры, әлпештеу жырлары, бесік жыры, түлкі бейнесі, бейнелілікАңдатпа
Адамзат жаратылып, жер бетінде пайда болғанынан бастап, өзіндік сана
тұрғысынан айналаны тануға, қоршаған әлемді зерделеуге, табиғатты, оның түрлі
құбылыстарын талдап-таразылауға ұмтылды. Ұзақ тәжірибе мен бақылау арқасында
айналасындағы жан-жануарлардың бәрін тек біліп қана қоймай, олар жайында толып
жатқан миф, аңыз-әңгіме, арман-қиялға толы хикаялар, қаншама терең жырлар мен
ертегілер тудырған. Мұндай халық шығармаларының ұлттық құндылыққа айналудағы
мәні әр жанрдың мазмұны ұсынатын бейнелердің қыр-сырында жатыр. Балалар
фольклорының тууы мен қалыптасуына да негіз болған көркем бейнелер жүйесінің
терең таным мен ғылыми саралауды қажет ететіндей өзектілік деңгейі жоғары.
Бейне – туындының тақырыптық табиғатын ашып, идеялық бірлігін жеткізуші басты
құрал. Олай болса, фольклор аясында ерекше болмысымен танылған, халық әдебиетіне
өзек болып, идеялық-эстетикалық, көркемдік бейнеге айналған жануардың бірі – түлкі.
Ендеше бұл мақаланың негізгі мақсаты – түлкі бейнесінің балалар фольклорының дамуы
мен өркендеуіндегі, соның ішінде әлпештеу жырлары мен жеткіншектер поэзиясындағы
идеялық-эстетикалық рөлін таныту. Зерттеу барысында балалар фольклорының түрлі
жанрларын сараптау арқылы ондағы түлкі бейнесінің көріну деңгейі сараланды.
Табиғаттағы түлкі жануары мен фольклордағы көркем бейненің ара-жігі,
айырмашылықтары мен ұқсастықтары тереңдей зерттелді. Фольклортанушығалымдардың теориялық тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, сәбилік жырлар мен
қызықтамалар, өтірік өлеңдер, жұмбақ жанрының дидактикалық әрі эстетикалық
функциясы сөз болды. Түлкі болмысына тән тапқырлық, ақылдылық, сымбаттылық
т.б. қасиеттер оның көркем бейне ретінде фольклорлық шығармалардағы рөлін
анықтады. Сол арқылы балалардың ой-өрісі мен сана-сезіміне, тәрбиесі мен
дүниетанымына ықпал етуде қуатты күш болып, баланың ақыл-ой, сана-сезім,
дүниетанымын дамытудағы бейнелік құрал екені айғақталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




