Қазіргі тарихи романдағы шығармашылық қиялдың орны
Қаралымдар: 257 / PDF жүктеулері: 264
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-112-122Кілт сөздер:
шығармашылық қиял, тарихи дерек, көркем образ, автор, тұлға және қаһарман, Тәуелсіздік әдебиетіАңдатпа
Егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің басты сипатының бірі –
тәуелсіздік жолында жанкешті ерлік жасаған қаһамандардың көркем бейнесінің
жасалуы. Кеңестік кезеңдегі романдардан бүгінгі күрделі жанрдың басты ерекшелігі –
Тәуелсіздік рухымен жазылуы. Осы тұрғыдан ұлттық әдебиетіміздегі қазіргі роман өз
заманына сай дамып келеді. Зерттеу мақалада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Әкім Таразидің «Мұстафа Шоқай» және ақын әрі жазушы Рафаэль
Ниязбектің «Тауқымет» романындағы көрнекті қоғам қайраткерлерінің
тоталитарлық жүйемен бетпе-бет келген азаматтық болмысы мен асқақ рухының
суреттелуі, автордың қаһарман тұлғасын жасаудағы көркемдік-стильдік ізденісі,
авторлардың шығармашылық қиялы талданды. Бұл екі романды талдау арқылы,
шығармашылық қиялдың кейіпкер жасауда, сюжет пен қақтығысты өрбітуде,
туындыдағы оқиғалардың байланысы мен композициясында шешуші көркемдік қызмет
атқаратынын аңғардық. Дей тұрғанмен, шығармашылық қиял тарихи тұлға болмысы
мен тарих шындығына қарама-қарсы келмеуі шарт. Керісінше, қаһарман мен оның
орта шындығын көркемдік тұрғыдан жинақтап, сюжетке айналдырып, характерлер
қақтығысына құруда жазушы фантазиясының еркіндігі маңызға ие екеніндігін анықтап
отырмыз. Басты кейіпкерлердің мінезін бейнелеуде авторлар қайраткердің түрлі
жағдайды басынан өткерудегі психологиясын суреттеуге назар аударғандығы
шығармадан үзінділер берумен дәлелденді. Романдардың негізгі желісін құрап тұрған
психологиялық тартыс, жан драмасы, өмір мен өлімнің бетпе-бет шайқасы екендігі
зерделенді. Автор үшін тарихи деректің шеңберінде қалу емес, қайта керісінше тарихи
тұлғаның шынайы азаматтық-күрескерлік тұлғасын, жанкешті психологиясын ашу,
тарихи ортаның тынысын оқырманға көрсету бірінші кезекте тұрғандығы танытып
отыр
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




