Жыраулар мәтініндегі поэтикалық-психологиялық параллелизмдердің прагматикалық сипаты
Қаралымдар: 206 / PDF жүктеулері: 287
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-59-70Кілт сөздер:
параллелизмдер, ұлттық таным, сөз саптау дағдысы, этнотаным, поэтикалық-психологиялық, жырау, тілдік тұлғаАңдатпа
Мақаланың мақсаты – жырауларды тілдік тұлға ретінде қарастырып,
олардың мәтініндегі поэтикалық-психологиялық параллелдерді танымдық тіл білімі
тұрғысынан зерттеу. Зерттеу барысында тілдік тұлға туралы теориялық
мәліметтерге тоқталдық, тілдік тұлға танытатын 3 түрлі деңгейді қарастырдық,
соның ішінде уәждік деңгей бойынша жырау қолданған поэтикалық құрылымдардың
танымдық астарына талдау жасадық. Жыраулар тілінде жиі қолданылатын
көркемдегіш құралдардың бірі параллелизмдер екенін анықтап, олардың поэтикалықпсихологиялық сипаты бар түрлерін тілдік дерек ретінде алдық. Зерттеу нәтижесінде
төмендегідей қорытындыға келдік.
Параллелизм жыраулар поэтикасында ұқсас құбылыстарды қатар қою арқылы да,
қарама-қайшы құбылыстарды салғастыра беру арқылы да, кейде метафоралы тіркестер
арқылы да, жеке сөздердің (заттық, сындық, қимылдық) семантикасы аясында да,
тұтас тармақтар мазмұнында да көрініс береді. Параллелизм – жыраулық дәстүрдің
философиялық ой-толғамға, ұлттық ойлау мен талғамға, шешендік пен білімділікке
негізделген, суырып салмалылыққа тән ерекше сөз саптау машығы болып табылады.
Сонымен қатар параллелизм – тек көркемдеуіш құрал ғана емес, жыраулардың тілдік
тұлғасын белгілі бір ұлттық таным аясында танытатын этнотанымдық жүйе.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




