Латын графикасына негізделген қазақ жазуы: орфография және орфоэпия
Қаралымдар: 260 / PDF жүктеулері: 687
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-40-47Кілт сөздер:
әліпби, әріп, жазу, емле, фонетика, графика, орфография, орфоэпияАңдатпа
Мақалада латын графикасына негізделген қазақ жазуының мәселелері
қарастырылады. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруге байланысты жұмыстар
үкімет тарапынан, тілші-мамандар тарапынан жүргізіліп, ғалымдардың көп жылдық
зерттеулерінің нәтижесінде әліпбидің жетілдірілген нұсқасы ұсынылған болатын. Осы
орайда мақалада латын графикалы қазақ әліпбиінің қазіргі таңдағы қажеттілігі, сондайақ латын графикасына негізделген 31 әріптен тұратын жетілдірілген әліпби
нұсқасының ерекшеліктері мен оның жазудағы көрінісі сөз болады. Әсіресе қазіргі
әліпбидегі диакритикалық таңбалардың, яғни умлаут, бревис, макрон, седиль, тильда
таңбаларының қолданылуы сипатталып беріледі. Әрбір диакритикалық белгілердің
таңбалануындағы көрінісі сипатталып, маңыздылығы айқындалады. Сондай-ақ
мақалада емле ережелері, орфография мен орфоэпия мәселелері, шеттілдік терминдердің
орфограммасы жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі күрделі
дыбыстардың қатарына жататын и мен у-дың таңбалануына қатысты ерекшеліктері
мен ережедегі берілу жолдары жан-жақты ашылып көрсетіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




