Қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамы
Қаралымдар: 233 / PDF жүктеулері: 887
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-8-18Кілт сөздер:
стиль, стилистика, сөз өнері, сөзсаптам, лингвостилистика, стильдік қатеАңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ ауызекі немесе жазба тілінің грамматикалық,
стильдік, этикалық нормадан қол үзіп, жасанды, аударма қазақ тілі болып бара
жатқаны өзекті мәселе ретінде қойылады. Мәселені шешу үшін сөзсаптам ұғымтермині ұсынылады. Сөзсаптамды қазақ сөз өнерінің басты категориясы ретінде алып,
бұл терминнің «стиль» және «норма» терминдерінен айырмашылықтары көрсетіледі.
Сөзсаптам категориясын анықтаудағы А.Байтұрсынұлы пікірінің және Р.Сыздық
көзқарасының ғылымилығы дәйектеледі. Сөзсаптам – сөз өнерінің бірлігі, стиль –
стилистиканың бірлігі, стиль негізінен тарихи сипатты, қоғаммен, әлеуметпен бірге
өзгеріп, нормаларынан айнып отыратыны, тұрақсыз, құбылмалы екені, сөзсаптамтілді
ортадан жоғары деңгейде білетін тұтынушыларға міндетті, барлық стиль түрлеріне
негіз болатын норма екені айтылады. Сөздің тыңдаушы мен оқушыға әсер ететіндей
жетуі үшін сөзсаптамзаңдылықтарын, нормасын білу қажеттілігі айтылады.
Сөзсаптам нормасы қазіргі қазақ сөзінде жоғалып бара жатқандықтан оны дәстүрлі сөз
саптау нормасынан іздеу қажеттігі қойылады. Сөзсаптам біреуге бір нәрсе туралы
мазмұнды сөз айтам деген сөз алушының ой жүйесі, коммуникация этикасы, тіл
қисыны өзара келіскен, сөз бастауы мен сөз аяқтауы тең, ой, не пікірін орынды қойып,
мәселені айқындап бере алатын, мәтіннің тұтас эстетикасы мен экспрессиясы,
көркемдігі келіскен жүйелі сөз деп анықталады. Сөзсаптам – қазақ сөз өнерінің басты
категориясы. Негізгі бірліктері – мәтін және абзац. Көптің алдында айтылған ауызша
шаршысөзде сөз тіркестері мен сөйлемдердің ерекше стильде болуы емес, ойдың, яғни
мәтіннің нормаға сай және қисынды болуы маңызды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




