Сейітхан Әбілқасымұлының көркемдік әлемі («Ақиықтың ақырғы балапаны» повесі негізінде)
Қаралымдар: 290 / PDF жүктеулері: 286
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-176-183Кілт сөздер:
саятшылық, құсбегі, этнографиялық шығарма, пейзаж, көркемдік уақыт, кеңістік, кейіпкерАңдатпа
Мақалада Сейітхан Әбілқасымұлының прозалық шығармалары, оның ішінде этнографиялық повесі тұтастай көркемдік-эстетикалық категория контекстінде сипатталады. Әдеби үдеріске еркін араласып, белсенділік танытқан жазушының
шығармашылық танымы, дүниеге көзқарасы, ізденісі ғылыми тұрғыдан бағамдалып,
жазушылық шеберлігі сөз болады. Жазушы шығармалары халықтық дәстүрімен, ұлттық мінезімен, ойлы толғамымен, ұлттық бояуының қанықтығымен дараланады.
Аталған туындыда халқымыздың саятшылық ғұрпы ұлттық сана, салт-дәстүр аясында зерделеніп, мейлінше толымды көрініс табады. Қаламгердің көркемдік әлеміндегі
«бүркітші», «құсбегі», «ақиық» ұғымдары арқылы ұлттық мінез бен қазақы ортаны
боямасыз бедерлеудегі суреткерлік қыры нақты талдаулар арқылы ашылып, фольклорлық сарын сілемдеріне бойламағандығы айқындалған. Автор қазақ халқының ұлттық
болмысын ашуға барынша талпыныс жасайды. Жазушы Сейітхан Әбілқасымұлының
повесінде табиғат көріністері қалай суреттеледі, пейзаж көркем шығармада қандай рөл
атқарып тұр, адам мен табиғат арасындағы байланыс қалай көрініс табатындығы туралы мәселелер қарастырылады. Қалам иесінің рухани кеңістігі тарихи уақыттың кейбір оқиғаларын бағдарлауда біржақты шешім жасамай, өмірде болып өткен оқиғалардың
дұрыс, бұрыстығын сол уақыттың барлық болмысын қатыстыра отырып суреттейді.
Әрі көркемдік шешім жасауда тарихи уақыт пен кеңістіктің ырқында қалып қоймайды. Өйткені, С. Әбілқасымұлының шығармашылық түйсігі, жаратылысқа ұмтылысы, көркемдік әлеміндегі эпикалық ерекшеліктер жалпы адамзаттық болмысқа қатыстылығымен дараланады. Қаламгер суреттеп отырған кейіпкерлердің болмыс-бітімдері,
заманы дарытқан мінез-құлықтар, қаймағы бұзылмаған қазақы орта, сондай-ақ сол
дәуірдің көркемдік уақыты мен кеңістігі бүгінгі оқырман үшін өткен шақ оқиғалары
ғана емес, осы заманның да түйткілді мәселесін айшықтайтыны анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




