Тіл, ыhыах мерекесі және гаплотип Якутияның мәдени ландшафты динамикасындағы якут бірегейлігінің көрсеткіштері ретінде: XIV - XXI ғасырлар
Қаралымдар: 244 / PDF жүктеулері: 231
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-79-91Кілт сөздер:
якуттар, мәдени ландшафт, бірегейлік, тіл, наным-сенім, мереке, ыhыах, гаплотипАңдатпа
Ғылыми-техникалық революция және жаһандану үрдістері аясында тез өзгеріп жатқан заманауи әлемнің қауіптері мен фобияларына және ондағы адамның, байырғы қоғамның рөліне көп көңіл
бөлінеді. Бұл құбылыстар Ресей Федерациясында, сондай-ақ оның субъектілерінде, соның ішінде Саха (Якутия) Республикасында да кездеседі. Якутияда ерекше назар аударуды қажет ететін түрлі айқын материалдық өзгерістер орын алуда. Мақаланың басты мәселесі – якуттардың мәдени ландшафты өзгерсе,
бұл олардың бірегейлігінің өзгеруіне әкеле ме деген сұрақ.
Якуттардың оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуымен байланысты, мәдени ландшафтта да түбегейлі
өзгерістер болды. Якутияда 1950 жылдардан бастап мәдени ландшафттағы елеулі өзгерістер якуттардың
жекелеген, біршама бөлігінің бірегейлігінің өзгеруіне, соның ішінде ең алдымен тілде, яғни жергілікті
якут тілінің орыс тіліне ауысуына әкелді. 1991 жылдан бастап дәстүрлі саха мәдениетінің жандануы мен
қайта өркендеуі жүріп жатыр. Якуттардың генетикалық мазмұнында гаплотиптер жиынтығы түрінде
ешқандай өзгеріс жоқ. Якут халқының 93%-да N1c1 жалғыз басым гаплотипінің (бірегейліктің конструктивті элементі ретінде) анықталуы XVII ғасырдан бастап орыс халқымен ұзақ мерзімді байланысына қарамастан, сахалардың арнайы генетикалық тұрақтылығын көрсетеді. Авторлар XIV-XXI ғасырлардағы
мәдени ландшафттың айтарлықтай өзгеруімен қатар якуттардың тек шағын бөлігінде бірегейліктің өзгеруі байқалады деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар якут бірегейлігінің дамуы дәстүрлі мерекелердің, әдет-ғұрыптардың, наным-сенімдердің, фольклордың т.б. қайта жандануы және якут киносының
шығуы арқылы мәдениетте көрініс табады. Якут бірегейлігінің ең консервативті элементі түрлі гаплотиптер жиынтығы емес, біртектес гаплотип түріндегі генетикалық мазмұн болады, яғни бұл жағынан
өзгерістің жоқтығын көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




