Оғыз тобы тілдеріндегі етістіктің шақтық категориясының салыстырмалы талдауы
Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 502
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-8-23Кілт сөздер:
түркі тілі, шақ категориясы, жіктелу, салыстырмалы грамматика, салыстыру, салғастыруАңдатпа
Бұл мақалада түркі тілдерінің, соның ішінде заманауи оғыз тілдер тобына жататын түрік, әзірбайжан және түрікмен тілдерінің шақтық категориясын қарастырамыз. Мақсатымыз, шақтық категориясын салыстырмалы анализін жасау
арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау болып табылады. Осы мақсатта аталған тілдердің грамматикалық дереккөздерін зерттей отырып, тілдердің
функционалдық, терминдік және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау міндеттері
қойылды. Қойылған зерттеу мақсат пен міндеттерді орындау үшін синхронды салыстырмалы, салғастырмалы-типологиялық және құрылымдық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуді талқылау барысында үш тілдің шақтық категория жүйелері сипатталып, олардың құрылымдық, синтаксистік, морфологиялық және семантикалық
ерекшеліктері анықталып, өзара салыстырылды.
Зерттеу нәтижесінде, қарастырылып отырған түрік, әзірбайжан және түрікмен тілдері жалпы түркілік ортақ лингвистикалық ерекшеліктерге ие болғанымен етістіктің
шақтық категориясында өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтар анықталып,
жүйеленіп кестеде көрсетілді. Аталған үш тілдің табиғи құрылымына басқа тілдік
топтар мен мәдениеттердің ықпалымен байланысты кейбір айырмашылықтар байқалады. Ол айырмашылықтар көбіне үш оғыз тілдің шақ категорияларының құрылымдық жағына тиесілі. Түрік тілінде шақ категориялар жүйесі жұрнақтар негізінде қалыптасқандықтан 5 шақтан тұрады. Ал әзірбайжан тілі түрік тіліне қатты ұқсас
болғанымен, дәстүрлі 3 шақ жүйесімен шектелген және жұрнақтардың 3 шақ жүйесінде
құрылымдық маңызы жоқ. Түрікмен тілі түрік және әзірбайжан тілдерінен кейбір белгілері бойынша алшақтау болғанымен, шақ категориялары жүйелілік жағынан әзірбайжан тілімен ұқсас. Түрік тілінің шақ категориясы дескриптивті, ал әзірбайжан және
түрікмен тілдерінде прескриптивті әдістерімен жасалынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




