Роллан Сейсенбаев идиостилінің аудармада берілуі («Құм кезген өліктер» романы бойынша)
Қаралымдар: 309 / PDF жүктеулері: 359
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-106-118Кілт сөздер:
көркем аударма, идиостиль, Роллан Сейсенбаев, Құм кезген өліктер, психолингвистикалық модельАңдатпа
Мақала Роллан Сейсенбаевтың «Құм кезген өліктер» романындағы идиостильдік белгілерін және оларды ағылшын тіліне аудару ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – бұл романдағы идиостильдік ерекшеліктерді анықтауға бағытталған тиімді тәсілді табу, тексеру және идиостильдік белгілердің ағылшын тіліндегі аудармасына талдау жасау.
Әдіснама үш кезеңдік зерттеу сатыларын қамтиды: авторлық идиостильді талдауға арналған модельді құру; шығармадағы автордың идиостильдік белгілерін анықтау; идиостильдік белгілердің аудармада берілу жолдарын талдау. Идиостильдің психолингвистикалық моделі арқылы жазушы шеберлігі айқындалып, талданады және бұл модельдің тиімділігі сараланады. Көркем мәтінді тану мен қабылдау бейсаналық ізденіс әрекеті болып табылады және біз өзіміздің квазиобъектілік/көркемдік бейнемізді қабылдай отыра, жеке мағынаға толы және көркем шығарма жазушымен енгізілген бейне аламыз. Психолингвистикалық модель бейнелерге басты назар аударады, себебі кітапты оқығаннан кейін оқырманның жадында қалатын жалғыз нәрсе бейнелер болып келеді. Бұл модель аясында идиостиль көркем шығарманың бейнелерін құрайтын формальды элементтер рөлін атқарады. Мақаланың жаңалығы мен практикалық маңыздылығы автордың өзі құрған психолингвистикалық модельді тексеруінде және ұсынылған модель көркем аударма барысында жазушының идиостилін анықтау және талдау үшін қолданыла алатындығында көрінеді. Аудармашылар автордың идиостилін сақтауына назар аударуы керек деген қорытынды жасадық, себебі оның көмегімен оқырмандардың санасында кейіннен қалатын бейнелер жасалады. Ғылыми мақаланың нәтижелері жазушылардың идиостилін одан әрі зерттеу үшін пайдалана алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




