Көне түркі ескерткіштеріндегі қала бейнесі
Қаралымдар: 291 / PDF жүктеулері: 275
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-146-153Кілт сөздер:
көне түркі ескерткіштері, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» ескерткіші, Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткіші, қала модельдері, Құзорда, ТүркістанАңдатпа
Мақалада Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткіштеріндегі қала модельдері қарастырылған. Жоғарыда аталған трактаттар орта ғасырлардағы қоғамдық, мәдени және әдеби өмірден сыр шертетін барлық түркі тілдес халықтарға ортақ қазына болып табылады. Этнос пен мемлекеттілікті, тілдік және графикалық жүйені, қазақ және басқа да түркі халықтарының тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын жан-жақты жүйелі зерделеу біздің замандастарымыз үшін маңызды міндет болып табылады. Еуропа мен Азияның тоғысындағы кең байтақ даланы мекендеген түркі халықтарының көшпелі өмір салтына ғана емес, отырықшы өмір салтына да бейім болғандығы туралы көптеген деректер кездеседі. Бұл сөзімізге орта ғасырда өмір сүрген философ, ақын Ж. Баласағұнның «Құтты білік», А. Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткіштерінде кездесетін қала көрінісі, қаладағы адамдардың тыныс-тіршілігінің суреттелуі дәлел бола алады. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» ескерткішінде Құзорда (Баласағұн), Қашқар қалалары аталса, А. Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткішінде Мәдине, Мекке, Түркістан қалаларының аты аталады. Аталған ескерткіштерді герменевтикалық талдау арқылы біз қаланың келесі модельдерін анықтадық: 1. «Қала – кеңістік»; 2. «Қала – киелі орын»; 3. «Қала – қалалықтар»; 4. «Қала – көңілсіздік»; 5. «Қала – тарихи тұлғалар».
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




