Жиембет жырау толғауларындағы көшбасшылық идея
Қаралымдар: 405 / PDF жүктеулері: 1949
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-119-125Кілт сөздер:
Жиембет, жырау, көшбасшы, толғау, синкреттілік, кеңесші, хандықАңдатпа
Мақалада Жиембет Бортоғашұлының мұрасы мен жыраулық өнердің синкреттілігін анықтап, саралау мақсат етілген. Жиембет Бортоғашұлы шығармашылығын негізге ала отырып, жыраулардың тұлғалық қасиетінің көп қырлылығын анықтау да мақаламыздың негізгі зерттеу нысанына алынған. Жиембет жырау толғауларынан көрінетін көшбасшылық қасиетін жан-жақты саралап, әдеби талдау тұрғысынан тұжырымдар жасалды. Толғаулардың кезеңіне қарай айтылған тұстарына тоқталу арқылы автор бойындағы көшбасшылық қасиет зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып талданды.
Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Бұқар жыраулардың шығармашылығындағы көшбасшылық идея Жиембет жыраудың да тұлғалық қасиетінде орын алған. Хандық дәуірде хандар кеңесшілерімен үнемі санасып, пікірін тыңдап, шешім қабылдайтын болған. Сол себепті жыраулардың хандық дәуірдегі рөлі орасан зор еді. Мақаламызда жыраудың тұлғалық қасиетіндегі көшбасшыға тән хан мен халықты байланыстыру, ханға оңтайлы жауап беру, шешім қабылдауға бағыттау, батырлардың ұрыс алдындағы шеберлігіне рухани тұрғыдан дем беру сынды құндылықтар көрсетіліп, кең түрде талданды. Талдау барысында жырау толғауларынан үзінділер негізінде мысалдар келтірілді.
Жиембет Бортоғашұлы тұлғалық болмысының бір қыры – көшбасшылығы. Жыраудың бізге жеткен толғаулары мақаланың негізгі дереккөзі және зерттеу нысанына айналады. Есім ханға қарата айтылған толғауларынан мысалдар келтіріліп, ғылыми түйіндеулер жасалды. Ғалым-зерттеушілердің дәлелді дәйектемелері мен пікірлері басшылыққа алынып, таңдаулы еңбектерге сілтеме берілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




