Лингвомәдениеттанудағы ұлттық-мәдени стереотиптердің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 239 / PDF жүктеулері: 946
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-87-96Кілт сөздер:
лексика, лингвистика, лингвомәдениеттану, ұлттық- мәдени, стереотип, семантика, лингвомәдениет аспектілері, қарым-қатынас стилі, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тіліАңдатпа
Мақалада қазақ, ағылшын және орыс лексикасындағы ұлттық стереотиптердің лингвомәдени аспектілерін салыстыра талдау арқылы стереотиптердің этникалық, ұлттық менталитеттік және лексико-семантикалық ерекшеліктерін айқындау мәселелері қарастырылған. Жоғары оқу орындарындағы ағылшын тілінен білім беру жүйесінде отандық ғалымдардың шетел тілін оқытудағы теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, лингвомәдениеттанудағы ұлттық-мәдени стереотиптердің этникалық, ұлттық менталитеттік және лексико-семантикалық ерекшеліктеріне салыстырмалы, құрылымдық-семантикалық этимологиялық талдаулар жасалды. Тілді мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, британдық және американдық ағылшын тілі нұсқаларының арасындағы айырмашылықтарды білу маңыздылығына назар аударылды. Өйткені, осы елдердегі күнделікті қарым–қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілінің қолданылу аясында айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар фонетикалық, грамматикалық, орфографиялық, лексикалық, семаникалық тұрғыда танылады. Сондықтан, тілдік нормалардың қолданыс аясын айқындау үшін лингвомәдениеттану ауқымында тіл мен мәдениеттің байланысы мен бір-біріне ықпалын зерделеу, этностың материалдық және рухани мәдениетін тілдік бейнесінен тануға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




