Сөйлеу етістіктерінің мағынасы мен қолданысы
Қаралымдар: 330 / PDF жүктеулері: 388
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-52-58Кілт сөздер:
сөйлеу етістігі, адресант, адресат, қарым-қатынас, прагматика, мағынаАңдатпа
Етістік – мағыналық топтарға бай сөз табы. Етістіктің мағыналық топтарының ерекшелігі олардың қызметі мен қолданысы арқылы айқындалады. Солардың ішінде ең жиі қолданылатыны – сөйлеу етістіктері.
Сөйлеу етістіктері сөйлеу әрекетімен байланысты. Сөйлеу – адамға тән, адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын үдеріс, құбылыс. Адамның сөйлеу әрекетінің жүзеге асу сипаты, өту үдерісі, жалпы сөйлеу әрекеті сөйлеу етістіктерімен анықталады. Сөйлеудің сипаты, берілу тәсілі, сөйлеу нысаны, ақпарат жеткізу – мұның барлығы сөйлеу етістіктерінің тілдік табиғатымен байланысты.
Мақалада қазақ тіліндегі жалпы сөйлеу әрекетін білдіретін «айт», «сөйле», «жеткіз» етістіктерінің мағынасы мен қолданысы қарастырылады. Сөйлеу үдерісіндегі қызметі, қолданыс ерекшелігі тілдік деректер арқылы сараланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




