«Интернет-мем» және олардың түрлері
Қаралымдар: 592 / PDF жүктеулері: 659
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-42-51Кілт сөздер:
интернет мемдер, интернет-қатынас, интернет-кеңістік, бейвербалды амалдар, креолды мемдер, мәтіндік мемдерАңдатпа
Интернет-мемдер – бейвербалды құралдың бірі ретінде әлеуметтік желілерде қазіргі кезде белсенді қолданылады.
Мақалада әлеуметтік желі тіліне тән осындай бейвербалды құрал – Интернет-мемдер қарастырылады. Интернет-мемнің пайда болуы ғаламтордың жанрлық құрылымының күрделенуі мен дамуына тікелей байланысты. Олар өздерінің бай семантикасы және жоғары экспрессивтілігімен ерекшеленеді. Интернет-мемнің осы ерекшелігі олардың Интернет-кеңістікте жылдам әрі кең таралуына мүмкіндік берді.
Мақалада ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, Интернет-мемнің анықтамасы ұсынылды. Интернет-мем дегеніміз – әлеуметтік желідегі ғаламтор қолданушыларының қауымдастығы үшін өмір желі тәртібін көрсететін және жеке коммуникативтік пресуппозицияларды креолды және мәтіндік түрге жылдам айналдыруға бағытталған мәдени код. Интернет-мемдер екі топқа ажыратылады: креолды мемдер (сурет+мәтін) және бірыңғай мәтіндік мемдер. Креолды мемдер біртекті (гомогенді) мағыналық жүйеге ие, екі түрлі құрылымдық деңгейден тұрады: тілдік (вербалды), визуалды (графикалық, сурет, дыбыстық т.т.), дыбыстық-музыкалық, әлеуметтік желілерде тілдік жағын дыбыспен беру де кездеседі. Мәтіндік мемдер құрылымы жағынан мынадай топтарға бөлінеді: сөз-мемдер; сөз тіркесінен жасалған мемдер; сөйлем-мемдер. Мақалада осы екі топтың жасалуы, түрлері, білдіретін мағыналары сөз болады. Әлеуметтік желідегі тіл мәдениетінің сақталуы Интернет-мемдерге де қатысты. Мақалада осы мәселеге қатысты өзіндік ұсыныстар беріледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




