Хакас және Алтай тілдеріндегі вертикалды қозғалыс метафорасы (қазақ тілімен салыстырғанда)
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 182
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-140-3-150-158Кілт сөздер:
қозғалыс етістіктері, семантиканың дамуы, бейнелі мағына, қозғалыс метафорасы, метафоралық модель, Сібірдің түркі тілдері.Аңдатпа
Мақалада хақас және алтай тілдерінде жоғары / төмен қозғалысты білдіретін етістіктердегі бейнелі мағыналардың даму бағыттары қазақ тілмен салыстырыла талданады. Бағытталған қозғалыс етістіктерінде қайталама бейнелі мағыналардың қалыптасуы бұрын хакас және алтай тілдерінде арнайы зерттеу тақырыбы болған емес. Зерттеу барысында жоғары/төмен қозғалыстардың метафоралану модельдерінің топтары және олардың қарастырылып отырған тілдерде берілу тәсілдері (етістіктердің бейнелі мағыналары және тұрақты тіркестер) анықталды. Негізінен бөлінген метафоралық модельдер осы тілдерге ортақ. Олар сондай-ақ басқа, туыс емес тілдерге, атап айтқанда орыс тіліне тән. Сонымен қатар, әртүрлі түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар, олар, мысалы, әртүрлі етістіктерді қолдануда, олардың үйлесімінде, белгілі бір тілдерге тән нақты метафоралардың болуында көрінеді.