ҚАЗАҚТЫҢ ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ ХАН ҚЫЗДАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Фольклор, ертегі жанры, қазақ ертегілері, әлем ертегілері, ханның қызы, халық қиялы, көркем образАңдатпа
Мақалада қазақ прозалық фольклорының қомақты бір бөлігін қамтитын – қиял-ғажайып ертегілердегі хан қыздары бейнесінің көркемдік негіздері ғылыми тұрғыдан талданады. Ертегінің жанрлық ерекшелігіне сәйкес сомдалатын ханшалар бейнесінің типологиясы мен поэтикасына басты назар аударылады. Қиял-ғажайып ертегілердегі хан қыздары бейнесіне тән негізгі көркемдік ерекшеліктер жүйеленеді. Олардың асқан сұлулығы, ерекше ақылдылығы, оқымыстылығы, пысықтығы, ел мен жұрт қамын ойлаудан туған тиянақты шешімдері нақты мысалдармен дәлелденеді. Ханшалардың басты кейіпкер болмаса да жанама кейіпкер ретіндегі іс-әрекеттері ертегінің идеялық-көркемдік тынысын толықтыратыны жіті зерделенеді. Зерттеудің мақсаты - қиял-ғажайып ертегілердегі хан қыздарының көркемдік тұлғасын ашу, олардың басқа кейіпкерлермен байланысын және өзгешелігін анықтау, оларды сомдаудағы халық қиялы мен танымының көркемдік өлшемін көрсету, ханшалардың жақсы қасиеттерінен үлгі алуға шақыру. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ұлт руханиятының алтын қазынасы - қазақ фольклоры уақыт алға жылжыған сайын танымдық-эстетикалық сапа тұрғысынан тереңдей береді, қашан да зерттеу нысанына сұранып тұрады. Қиял-ғажайып ертегілердегі тек қана ханшалардың бейнесін зерттеу арқылы гендерлік дискурс мәселесіне үлес қосылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы қазақтың қиял-ғажайып ертегілеріндегі хан қыздарының бейнесін зерттей отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі таңда жүргізіп отырған гендерлік саясатын қолдау, үлес қосу, жалпы әйелдердің қоғамдық ортадағы абырой-беделін арттыру болып табылады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


