ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

әдебиет, мұғалім, оқушы, сабақ, оқыту әдістемесі, инновациялық технология

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің қарқынды даму жағдайында әдебиет пәнінің оқушылардың рухани-адамгершілік дүниесін қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. ХХІ ғасырдағы педагогикалық парадигманың өзгеруі білім беру мазмұнына тұлғаның құндылықтық бағдарларын, дүниетанымдық көзқарасын және рухани дамуын енгізуді талап етеді. Осы тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жас ұрпақтың ұлттық мәдениеті мен рухани құндылықтарын меңгеруінде, тілдік құзыреттілігі мен эстетикалық талғамын қалыптастыруында ерекше маңызға ие екендігі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Әдебиет пәні оқушының көркем ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытып, оның тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін тәрбиелік әрі танымдық құрал ретінде сипатталады. Сонымен қатар мақалада мұғалім тұлғасының оқушының дүниетанымын қалыптастырудағы жетекші рөлі айқындалады. Осы тұрғыда қазақ педагогикасының көрнекті өкілі, жаңашыл ұстаз әрі әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева еңбектерінің ғылыми-әдістемелік маңызы талданады. Әдіскер-ұстаздың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы педагогикалық тәжірибесі мен ғылыми ізденістерінің ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы орны көрсетіледі. Жаңашыл ұстаздың қазақ әдебиетін оқытудағы инновациялық технологиясы, «Ой тастау, ойланту, ойлау» пәлсапасы негізінде оқытуға бағытталған әдістемелік ұстанымдарының қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалығы дәлелденеді. Зерттеу нәтижесінде Қ. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық әдістері оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ұлттық рухани құндылықтарды меңгертуге және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға тиімді ықпал ететіндігі анықталады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахмадиева, Д. ., & Байтанасова, Қ. . (2026). ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1315