ЭРГОНИМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

эргоним, ономастика, жалқы есімдер, нысан атаулары, семантикалық жіктелім, құрылымдық талдау, тілдік бейне

Аңдатпа

Мақалада ономастика ғылымының маңызды саласы – эргонимдер және олардың қалалық тілдік кеңістіктегі қызметі қарастырылады. Жалқы есімдер халықтың ұлттық дүниетанымын, мәдениеті мен тілдік ерекшелігін танытатын маңызды тілдік бірліктер ретінде сипатталады. Осы тұрғыдан антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, прагматонимдер, ктематонимдер және басқа да онимдер жүйесіндегі эргонимдердің орны айқындалады. Эргонимдер мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, сауда және қызмет көрсету орындарының атаулары ретінде қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланыста қарастырылады. Зерттеуде қала кеңістігіндегі атаулардың қалыптасуына экономикалық, мәдени, тарихи, әлеуметтік және жаһандану үдерістерінің ықпалы талданады. Сондай-ақ эргонимдердің экспрессивтік, ақпараттық және реттеушілік қызметтері ашылып, олардың тұтынушылардың назарын аударудағы және қалалық ортаның тілдік бейнесін қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі. Эргонимдерді жіктеу мәселесінің ономастикадағы өзекті бағыттардың бірі екендігі атап өтіліп, бұл саланың әлі де терең зерттеуді қажет ететіні негізделеді. Мақалада қалаішілік нысандарға атау беруде ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтау, қазақ тілінің табиғатына сай атауларды қолдану және шеттілдік атаулардың ықпалын ғылыми тұрғыдан бағалау қажеттілігі қорытындыланады. Зерттеу нәтижелері эргонимдерді жүйелеуге, олардың тілдік ерекшеліктерін айқындауға және қазақ ономастикасының теориялық әрі практикалық мәселелерін дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, қалалық номинативтік кеңістікті ұлттық құндылықтар негізінде дамытуға ғылыми ұсыныстар береді.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шохаева, К. ., Миров, М. ., & Садуакас, Н. . (2026). ЭРГОНИМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1307