ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ПОЭТИКАСЫ: АҚЫН АЛАҚАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДЫ МЕН РУХАНИ ТРАНСФОРМАЦИЯ


Қаралымдар: 7

Авторлар

  • С.К. Сыздықов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8444-6373
  • А.В. Таңжарықова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5575-9813

Кілт сөздер:

тарихи жады, рухани трансформация, архетип, хронотоп, постколониалдық дискурс.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық рух, тарихи сана және тұлғалық трансформацияны А. Алақанұлының «Тер тамған жер» және «Ауыл» әңгімелеріндегі ұлттық поэтиканың архетиптік құрылымдары мен көркемдік тәсілдері арқылы қарастырылады. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – А. Алақанұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс, тарихи жады және рухани трансформация мәселелерін көркемдік-эстетикалық және әдеби-теориялық тұрғыда талдау арқылы жазушы поэтикасының концептуалдық негіздерін айқындау. Негізгі бағыттары – тарихи уақыт пен субъектілік сана диалектикасын, ұлттық жад пен кеңістіктің архетиптік байланысын және дәстүр мен жаңғырудың көркемдік бейнесін саралау. Зерттеудің түпкі идеясы – кеңістік пен уақыт бірлігінің, символдық жүйе мен психологиялық бейнелеудің ұлттық болмыс пен тарихи сананы жаңғыртудағы мәнін ашу. Зерттеу әдістемесі құрылымдық, семантикалық және поэтикалық талдауға сүйенеді. Архетиптік талдау арқылы ұлттық жад пен кеңістіктің символдық өзара байланысы айқындалды; хронотоптық тәсіл кеңістік пен уақыттың көркемдік қызметін ашуға мүмкіндік берді; символдық интерпретация мен психологиялық-поэтикалық портреттеу кейіпкердің рухани трансформациясын тануға қолданылды. Нәтижесінде «Тер тамған жер», «Ауыл»  шығармаларында тарихи уақыт пен субъектілік сана байланысы, экзистенциалдық күйзеліс және рухани қайта түлеу үдерісі көркемдік деңгейде ашылды. Мақалада ұлттық болмысты көркем мәтін арқылы зерделеудің әдістемелік үлгісі ұсынылып, қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық поэтиканы кешенді талдау бағыттары толықтырылады және әдебиеттану ғылымында ұлттық рух пен тарихи сананы көркемдік тұрғыдан пайымдаудың теориялық-әдіснамалық қырлары айқындалады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыздықов, С. ., & Таңжарықова, А. . (2026). ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ПОЭТИКАСЫ: АҚЫН АЛАҚАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДЫ МЕН РУХАНИ ТРАНСФОРМАЦИЯ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1287