Қазақстандағы монотілді балалардың тілдік даму ерекшеліктері


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

монотілді, билингвал, көптілді, когнитивтік ерекшелік, ұлттық код

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы монотілді балалардың когнитивтік ерекшеліктерінің теориялық негіздері талданады. Монотілді балалардың танымы, шығармашылық қабілеті, интеллектуалдық әлеуеті қостілді және көптілді балалармен салыстырылып, зерттеу жүргізіледі. Монотілді балалар бір ғана тілдік ортада өсіп, ұлттық танымды қабылдай алады, ұлттық және мәдени кодымызды терең меңгереді. Қазақ-монотілді балалар ана тілінің табиғатын сақтап, тілді жойылудан, жұтылудан қорғауда ерекше рөл атқарады. Сондықтан қазіргі кезде монотілді балалар туралы мәселе өзекті болып отыр. Монотілді балалардың танымы мен интеллектуалды әлеуеті отандық, шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері негізінде, антропоөзектік тұрғысында жан-жақты талданып отыр. Монотілді балалардың қабілетін шектемеу, оларға қолдау білдіру мәселесі әлі де талқылауды, зерттеу мен тәжірибе жүргізуді қажет етеді. Зерттеушілер тарапынан жүргізілген тәжірибелердің қамту аймағы кең көлемді бола алмайтынын да ескергеніміз жөн, себебі әрбір монотілді баланың әлемді тілдік тұрғыда тануы бір ғана тәжірибемен анықталмайды. Жоғары сынып оқушыларына тәжірибе жүргізу барысында олардың қазақы дүниетанымды терең меңгергені анықталды. Бұл олардың болашақта қазақ тілін әлемге танытып, ұлттық кодымызды сақтап және тасымалдап, жаңғырта алатынын көрсетеді.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Саткенова, Ж. ., Бекжан, А. ., & Жұбай, О. . (2026). Қазақстандағы монотілді балалардың тілдік даму ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1254