ҒЫЛЫМИ ДИСКУРСТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҢА МОДЕЛЬДЕР
Қаралымдар: 9
Кілт сөздер:
ғылыми дискурс, цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникативтік кеңістік, онлайн журнал, контент-талдауАңдатпа
Мақалада ғылыми дискурстың цифрлық трансформациясы ақпараттық-коммуникативтік кеңістіктегі жаңа модельдер тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналдарда қазақ тілінде жарияланған ғылыми мақалалар негізінде цифрлық форматтағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық, тілдік және мультимодальды ерекшеліктерін контент-талдау әдісімен айқындау. Эмпириялық база ретінде 2023-2025 жылдары жарық көрген, толық мәтіні онлайн қолжетімді, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы 6 ғылыми мақала таңдап алынды. Зерттеу барысында тақырыптық өріс, аңдатпа мен түйін сөздер жүйесі, мәтіннің композициялық құрылымы, терминологиялық бірізділік, дереккөздер географиясы, визуалды элементтер (кесте, диаграмма, иллюстрация) мен гиперсілтемелердің қолданылу жиілігі сияқты параметрлер кодталып, сандық және сапалық талдау жасалды. Нәтижесінде қазақ тіліндегі цифрлық ғылыми дискурста дәстүрлі IMRAD үлгісіне негізделген құрылымның сақталатыны, алайда ашық қолжетімділік, DOI, онлайн-платформа мүмкіндіктері, мультимодальды компоненттер арқылы мәтіннің желілік және интерактивті сипат ала бастағаны анықталды. Сонымен бірге бірқатар мақалаларда цифрлық формат ұсынатын гипермәтіндік байланыстар мен визуалды құралдардың толық пайдаланылмауы, дереккөздерді рәсімдеуде бірізділіктің жоқтығы мен тілдік нормалардың бұзылуы байқалды. Алынған нәтижелер ғылыми дискурстың ұлттық тілдік кеңістіктегі цифрлық жаңғыру деңгейін бағалауға және ақпараттық-коммуникативтік кеңістіктегі жаңа ғылыми коммуникация модельдерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




