Көркем мәтіндегі «қара» түстің танымдық, символдық мәні
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-50-61Кілт сөздер:
дүниетаным, қара шаңырақ, қара нан, қара суық, қара көже, символАңдатпа
Түр-түс әлемі айрықша сипатқа, ерекше рәміздік мағынаға ие халық мәдениетін танытатын бір негіз. Яғни, мәдениеттегі рең-өрнек арқылы жұрт өзіндік көркемдік көзқарасын, сезімдік жағдайын, ізгілік ұғымдарын жеткізген. Ал жаратылыста, адамзат қауымында өзге рең-өрнектер секілді «қара» түстің де сан алуан ауыспалы, шартты, бейнелі мәндері бар. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, барша түркі әлеміне ортақ құбылыс.
Мақалада қаламгер Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» туындысындағы «қара» түстің символдық мәнде берілу тәсілдері мен қолдану шеберлігі сараланады. Жазушының сөзді символдық мағынада пайдалануы арқылы шығарманың бейнелілік сипатын күшейтуі, сондай-ақ автордың дүниетанымы, мәдениеті мен көркемдік әлемі айқындалады. Танымдық әрекетінің нәтижесі ретінде кейіпкерлердің тілдік болмысы мен олардың лингвокогнитивтік деңгейі талданады. Сонымен қатар, шығармада «қара» сөзі тіркескен ұғымына байланысты әртүрлі мағынада көрініс табатыны анықталады: бірде қайғы, қаза, өлім, зұлымдық, арамдықтың нышаны ретінде, енді бірде қасиеттілік, киелілік, қарапайымдылықтың белгісі ретінде көрінеді. «Қара» түстің этнолингвистикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын, мағыналық ауқымы кең, семантикалық қырлары мол атаулардың бірі екені дәлелденеді. Сондай-ақ, жазушы шығармасында «қасиетті», «киелі» мәнде қолданылған «қара» түс атауларының молынан кездесетіні байқалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




