Деколониялық дискурс және гендерлік репрезентация
Қаралымдар: 235 / PDF жүктеулері: 164
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-133-144Кілт сөздер:
қазақ әйелі, деколониялық әдіснама, постколониализм, феминизм, гендерлік теңдік, кеңес үкіметі, дискурс, азат ету.Аңдатпа
Деколонизация мен гендер мәселесін тоғыстыра қарастыру – қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі жаңа зерттеу бағыттарының бірі. Өйткені қазақ әдебиетіндегі деколониялық үдерісті гендерлік қырын ескермей толық түсіну мүмкін емес. Гендерлік репрезентацияны ұлттық сана мен отарсыздандырудың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру арқылы ғана біз әдебиеттегі еркіндік, жеке тұлғалық даму, әлеуметтік әділеттілік т.б. айқындай аламыз. Сондай-ақ бұл бағыттағы зерттеулер қазақ қоғамындағы мәдени жаңғырудың маңызды алғышарты болмақ. Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесінің трансформациясы деколониялық бағыт, деколониялық гендерлік талдау, феминистік көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Кеңес мемлекеті гендерлік компонентті отарлық үстемдіктің жұмыс істеуі мен заңдылығын қамтамасыз етудің негізі ретінде пайдаланғандығы талданады. Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін деколониялық феминизм тұрғысынан қарастыру оның тарихи, әлеуметтік және мәдени контекстегі орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл көзқарас қазақ әйелінің отарлық және постотарлық кезеңдердегі рөлін, Кеңес үкіметі жүргізген гендерлік саясаттың ықпалын және қазіргі заманғы феминистік дискурстағы орнын талдауға көмектеседі. Осы орайда мақалада қазақ әйелдері бейнесінің репрезентациясы жергілікті ерекшеліктер ескеріле отырып зерттеледі. Бұл тәсіл патриархат пен отаршылдықтың тоғысуын, олардың қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайына әсерін, олардың болмысындағы өзгерістерді түсінуге септігін тигізеді. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік мәселелерін тереңірек ашуға мүмкіндік беретіні сөз болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




