ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

қаратпа сөздер, фатикалық коммуникация, метакоммуникация, прагматика, экспрессия, үндеу

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі фатикалық коммуникацияның маңызды компоненті ретінде қаратпа сөздердің қызметі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында қаратпа сөздердің тыңдаушының назарын аударудағы, қарым-қатынасқа тартудағы, тілдік байланысты орнату мен сақтаудағы рөлі, олардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық сипаттары сараланады.

Мақалада қаратпа сөздердің тілдік қатынастағы орны мен маңызына, оларды қолданудың нақты прагмалингвистикалық ерекшеліктеріне, сондай-ақ көркем мәтін мен ауызекі сөйлеудегі қызметіне ерекше назар аударылған. Автор қаратпа сөздердің сөз таптары негізінде жасалу жолдарын, олардың мағыналық және эмоциялық реңктеріне қарай түрленуін, сондай-ақ бұл сөздердің фатикалық метакоммуникациядағы мәнін терең зерттейді.

Зерттеудің басты мақсаты – қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің фатикалық коммуникациядағы прагматикалық қызметін анықтап, оларды жүйелі түрде талдау.

Ғылыми маңыздылығы – қаратпа сөздердің құрылымы мен қолданысын фатикалық метакоммуникация тұрғысынан зерттеу арқылы қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытындағы ізденістерді толықтыруында.

Практикалық құндылығы – мақалада ұсынылған талдаулар мен сипаттамалар қазақ тілі оқытушыларына, тіл мамандарына, сондай-ақ коммуникация теориясын зерттеушілерге әдістемелік әрі қолданбалы тұрғыдан маңызды мәліметтер ұсынады.

Мақалада салыстырмалы-талдау, сипаттамалы, прагмалингвистикалық әдістер қолданылған. Зерттеу міндеттеріне қаратпа сөздердің құрылымдық-семантикалық түрлерін анықтау, көркем және ауызекі дискурстағы қолданыс ерекшеліктерін сипаттау, олардың тыңдаушыға әсер ету тетіктерін көрсету кіреді. Нәтижесінде қаратпа сөздердің қазақ тіліндегі фатикалық коммуникация құралы ретіндегі ғылыми-практикалық мәні айқындалды.

Жарияланды

2026-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Смағұлова, Г. ., Конырбаева, Г. ., & Халым, Б. . . (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1155