Кавказдың солтүстік өңіріндегі түркі халықтары драматургиясының қалыптасуы мен дамуы


Қаралымдар: 12

Авторлар

  • Ә.Қ. Шапауов К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3709-4309

Кілт сөздер:

драматургия, кавказ түркілері, өнертану, түркі халықтарының театры, әдеби байланыс.

Аңдатпа

Бұл мақалада Солтүстік Кавказ аймағындағы түркі халықтарының, атап айтқанда ноғай, қарашай, балқар, гагауз, құмық, қарайымдардың алғашқы қолжазба  драматургиялық шығармаларының пайда болуы және даму үрдісі зерттеледі. Драмалық туындыларының шағын формаларының қалыптасуы, олардың жазба түрде бекітілуі, жанрлардың құрылуы мен жариялануы, сахналық өнердің басталуы және оның осы этникалық қауымдардағы эволюциясының ерекшеліктері жан-жақты талданады. Қолжазба және қазіргі кезеңдегі пьесалардың көркемдік деңгейі мен мазмұндық ерекшеліктері, сондай-ақ қазақ халқының мәдени және рухани байланыстары, ұлттық-этникалық идеялардың драматургиялық және театрлық контексте интеграциясы мен трансляциясы мәселелері қарастырылады. Зерттеу қазіргі драматургия және театртану саласындағы теориялық-әдістемелік тәсілдерге негізделген. Авторлар алғашқы  пьесалардың жанрлық ерекшеліктері, ондағы тартыс, кейіпкерлердің мінез-құлықтық сипаттары мен көркемдік бейнелеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар, сахналық қойылымдардың бейнеленуі, образ жасаудың ерекшеліктері, актерлік шеберлік және театрлық интерпретацияның өзіндік сипаты салыстырмалы тұрғыда қарастырылады. Мақалада алғашқы қолжазбалар мен қазіргі кәсіби театр өнерінің арасындағы қатынас жаңа ғылыми парадигма аясында талданады. Түркі халықтарының драматургиясы мен театрының мәдени-рухани өзара ықпалдастығын нығайтудағы маңыздылығы ерекше атап көрсетіледі. Зерттеу жұмысы теориялық және әдістемелік негізде құрылып, Солтүстік Кавказ түркі халықтарының драматургиялық және театрлық мұрасы кеңінен қарастырылады. Осы тақырып бойынша халықаралық деңгейде арнайы зерттеулердің жүргізілмегені де дәлелденеді.

Жарияланды

2025-09-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шапауов, А. . (2025). Кавказдың солтүстік өңіріндегі түркі халықтары драматургиясының қалыптасуы мен дамуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 152(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1146