Қазақ драматургиясындағы трагедиялық кейіпкердің имидждік-ақпараттық моделі (Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)
Қаралымдар: 286 / PDF жүктеулері: 122
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-259-276Кілт сөздер:
трагедиялық кейіпкер, трагедиялық имидж, ақпараттық коммуникация, драма, герменевтика.Аңдатпа
Мақалада қазіргі гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі маңызды категориялардың бірі — имидж саласының трагедиялық драма өнеріндегі көрінісі, қызметі және көркемдік табиғаты жан-жақты талданады. Трагедия табиғаты ұлттық дүниетаныммен сабақтастырыла отырып, драмалық бейненің ішкі-сыртқы құрылымы, мазмұндық мәні имидждік технологиялар ретінде сарапталады. Бұл тұжырымдар мақаланың негізгі өзегіне айналып, трагедиялық имиджді қазақ драмасының көркемдік-комуникациялық кеңістігінде қайта пайымдауға жол ашады. Зерттеу барысында имиджтану мен әдебиеттану тоғысындағы жаңа әдіснамалық бағдарлар ұсынылып, трагедиялық образдың құрылымын көркем имидждік, жеке тұлғалық-ақпараттық, герменевтикалық-коммуникациялық тұрғыдан ұғынудың ғылыми моделі айқындалады. Мақала ұлттық драматургияның болмысын заманауи ғылыми концепциялар аясында тануға бағытталады және оған драматанушы, әдебиеттанушы академик Рымғали Нұрғали еңбектері негізге алынып, драмалық шығармалардағы трагедиялық кейіпкер болмысының имидждік-ақпараттық сипаты ғылыми теориялық тұрғыдан қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




