Абайдың қара сөздерін оқытуда метатанымдық әдістердің ықпалы: жоғары оқу орнында қолдану тәжірибесі (анықтаушы эксперимент)
Қаралымдар: 338 / PDF жүктеулері: 178
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-343-365Кілт сөздер:
Абай, қара сөздер, метатаным, метатанымдық әдістер,жоғары білім, сауалнама, эксперимент, Лайкерт шкаласы, тұлғалық дамуАңдатпа
Мақалада Абайдың қара сөздерін жоғары оқу орнында метатанымдық әдістер арқылы оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Абайдың қара сөздерін жоғары оқу орнында метатанымдық тәсілдер негізінде оқытудың тиімділігін анықтау үшін анықтау экспериментін жүргізу, білім алушылардың метатанымдық дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін ұсыну және педагогикалық модель әзірлеу. Зерттеу барысында метатаным ұғымына қатысты теориялық тұжырымдар, ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибелер сараланып, олардың білім беру үдерісіндегі тиімділігі талданады. Метатану элементтерін оқу үдерісіне енгізу білімді терең әрі саналы меңгеруге, сыни ойлауды қалыптастыруға және білім алушылардың оқу әрекетін бақылау қабілетін дамытуға ықпал етеді.Бүгінде білім алушылардың метатанымдық дағдыларын дамыту – жоғары білім берудің басым бағыттарының бірі. Осы орайда Абайдың қара сөздерін метатанымдық тұрғыдан оқыту – білім алушылардың тұлғалық және танымдық дамуын тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін өзекті мәселе. Эмпирикалық зерттеу аясында білім алушылардың метатанымдық білімін анықтау мақсатында Лайкерт шкаласына негізделген сауалнама жүргізілді. Алынған деректерге сандық және сапалық талдау жүргізіліп, білім алушылардың метатанымдық ойлау дағдылары мен Абайдың қара сөздерін қабылдау деңгейі ғылыми негізде бағаланды. Зерттеу нәтижесінде Абайдың қара сөздерін метатанымдық тәсілмен оқыту білім алушылардың өзін-өзі бақылау, рефлексия жасау, оқу стратегияларын қолдану, мақсат қою, сыни ойлау сияқты дағдыларынқалыптастыруға және дамытуға оң ықпал еткендігі анықталды. Мақалада ұсынылған әдістемелік модель жоғары білім беру жүйесінде тиімді қолдануға болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




