Мәдени-репрезентативті ішкорпус: ұлттық мәдени-танымдық бірліктерді цифрлық кеңістікте сақтаудың маңыздылығы
Қаралымдар: 215 / PDF жүктеулері: 119
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-89-101Кілт сөздер:
Қазақ тілінің ұлттық корпусы, мәдени-репрезентативті ішкорпус, цифрлық кеңістік, мәдени-семантикалық ақпарат.Аңдатпа
Мақалада мәдени-репрезентативті ішкорпустың құрылымы мен маңыздылығы, ұлттық мәдени тілдік бірліктерді цифрлық кеңістікте сақтаудың жолдары мен танытудағы рөлі қарастырылды. Қазақ халқының мәдени мұрасын цифрлық кеңістікте сақтап, оны қазіргі ақпараттық қоғамда кеңінен танылуына және таралуына ықпал етіп отырған электрондық Қазақ тілінің Ұлттық корпусы – ұлттық тіл мен мәдениетті дамытудың маңызды әрі сенімді ақпараттық базасы. Корпус құрамындағы мәдени-репрезентативті ішкорпус – қазақ этносының этномәдени даму жолын, рухани және заттық құндылықтарын, этнографиялық, мәдени-танымдық ұғымдарын тереңірек танудың бір құралы ғана емес, тілдік қазынаның елді тұтастырушылық қызметін сипаттайтын маңызды таным тетігі ретінде қарастырылды. Мақаланың мақсаты – қазақ этнолингвистикасының ғылыми негіздеріне сүйене отырып, ҚТҰК (Қазақ тілінің ұлттық корпусы) құрамындағы мәдени-репрезентативті ішкорпустың жасалуы және оның қазақ тіліндегі тілдік және мәдени құндылықтарды цифрлық платформада жинақтау арқылы ұлттық мәдениетті, дәстүрлерді, тарихи және әлеуметтік аспектілерді зерттеу мен сақтау жолдарын анықтау. Сонымен қатар, ішкорпустың құрамын, құрылымын, қолдану әдістерін көрсету және оның білім беру мен ғылыми зерттеулердегі маңыздылығын дәлелдеу. Мақаланың зерттеу нысаны – ҚТҰК құрамындағы мәдени-репрезентативті ішкорпус пен онда жинақталған қазақ этнолингвистикасының тілдік және мәдени материалдары.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




