Қазақтың мақалдарын орыс және ағылшын тілдеріне аудару прагматикасы (Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» әңгімесі негізінде)
Қаралымдар: 319 / PDF жүктеулері: 204
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-287-300Кілт сөздер:
көркем аударма, мақалдар, прагматикалық бейімдеу, баламалылық, ұлттық мәдениет.Аңдатпа
Мақалада мақалдардың семантикасы және оларды орыс және ағылшын тілдеріне аудару барысындағы аударма шешімдерінің үлгілері қарастырылады, бұл осы зерттеудің өзектілігін анықтайды. Зерттеудің мақсаты – Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» әңгімесіндегі қоғамдық-гуманистік сипаттағы мәселелерді қозғайтын материалды пайдалана отырып, мақалдарды орыс және ағылшын тілдеріне аудару барысындағы тиімділік деңгейін анықтау. Авторлар әңгіме мәтінінен алынған мақалдарды жүйелеп, оларды аударудың оңтайлы нұсқаларын анықтады. Сонымен қатар, аударманың прагматикалық мәселелері, мәдени бейімделу дәрежесі және аудармадағы эквиваленттіліктің сақталуы талданады. Зерттеу түпнұсқа және аударма мәтіндерді жіктеу және стратификациялау, салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Аударма әдістері де қарастырылып отырған мәтіндерден үзіліссіз іріктеу әдісі арқылы анықталды. Зерттеу нәтижесінде аудармашыға прагматикалық эквиваленттілікке жету үшін оның аударма стратегиясын таңдау процесінде әсер ететін факторлар анықталды. Аудармашының мәтіндегі мәдени ерекшеліктерді түсіндіре білуі жалпы аударманың адекваттылығына толықтай әсер ететіні расталды. Бұл зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне көркем аудармадағы аударма шешімдерінің сапасын бағалау үшін пайдалануға болады, сондай-ақ көркем аударма және салыстырмалы тіл білімі саласында әдістемелік ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда қолданылуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




