Қытайдағы қазақ топонимдік аңыздары мен мотивтер
Қаралымдар: 285 / PDF жүктеулері: 234
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-206-219Кілт сөздер:
Қытай қазақтары, топонимикалық аңыздар, фольклор, топонимдік сарындар, тарихи оқиғаАңдатпа
Бұл мақала Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасының арасында сақталған топонимдік аңыздарды ғылыми тұрғыда талдауға арналған. Қазақ халқы ертеден келе жатқан бай фольклорлық мұрасымен ерекшеленеді. Сол мұраның маңызды бір тармағы – жер-су атауларына байланысты аңыз-әпсаналар. Қытайдағы қазақтар арасында кең таралған бұл аңыздар этникалық сананы сақтау мен тарихи жадты жаңғыртуда үлкен рөл атқарады. Мақалада Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтарындағы қазақтар мекендеген жерлердің атауларына байланысты туындаған аңыздар жинақталып, мазмұндық әрі құрылымдық тұрғыда талданады. Бұл аңыздардан тек географиялық нысандар туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар тарихи оқиғалар, батырлар мен ел басынан өткен кезеңдер жөнінде де құнды деректер алуға болады. Автор зерттеу барысында аңыздарды типологиялық жіктеуге тырысып, олардың поэтикалық құрылымын, кейіпкер жүйесін және танымдық ерекшеліктерін анықтаған. Сонымен қатар, мұндай фольклорлық мәтіндердің тарихи-мәдени контексте алатын орны мен маңызы да көрсетіледі. Мақалада дереккөз ретінде Қытай қазақтары арасынан жазылып алынған ауызша материалдар мен этнографиялық зерттеулерге сүйенген. Зерттеу нәтижесінде топонимдік аңыздардың қазақ халқының көне дүниетанымын, рухани-мәдени болмысын танытатын маңызды мәдени феномен екені дәлелденеді. Бұл зерттеу Қытайдағы қазақ қауымының тілдік, тарихи және рухани бірегейлігін сақтауда фольклордың атқаратын қызметін айқындайды және қазақ топонимиясын зерделеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




