ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАНУ ҮДЕРІСІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Қазақ әшекей атаулары, қазақ тілі, сөзжасам, синтетикалық әдістер, аналитикалық әдістер, семантикалық тәсілдерАңдатпа
Мақалада ұлттық материалдық және мәдени мұраның маңызды бөлігі саналатын қазақ тіліндегі зергерлік бұйым атауларының сөзжасамдық және семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – зергерлік бұйым атауларының жасалу тәсілдерін анықтау, оларды құрылымдық және семантикалық тұрғыдан жіктеу, сондай-ақ атаулардың қалыптасуына негіз болған уәждерді айқындау. Зерттеу материалы ретінде сөздіктерден, энциклопедиялардан, этнографиялық еңбектерден және басқа да дереккөздерден жинақталған 200-ден астам зергерлік бұйым атауы алынды. Зерттеу барысында морфологиялық, семантикалық, этимологиялық, сандық және салыстырмалы әдістер қолданылды. Нәтижесінде қазақ тіліндегі зергерлік бұйым атаулары түбір, синтетикалық, аналитикалық және семантикалық тәсілдер арқылы жасалатыны анықталды. Ең өнімдісі – аналитикалық тәсіл: ол зерттелген атаулардың 86%-ын құрайды, ал синтетикалық туындылардың үлесі – 8%, түбір сөздердікі – 6%. Ұсынылған екі деңгейлі морфосемантикалық жіктеу формалды сөзжасамдық үлгілер мен 14 семантикалық санатты біріктіреді. Негізгі номинациялық уәждерге бұйым жасалған материал, асыл тас түрі, өңдеу техникасы, пішіні, қызметі және басқа заттарға ұқсастығы жатады. Сонымен қатар қазақ зергерлік лексикасының өзге түркі тілдеріндегі атаулармен лексикалық әрі құрылымдық сабақтастығы анықталды. Бұл ұқсастық түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын танытады. Зерттеу нәтижелері қазақ қолөнер лексикасын жүйелі сипаттауға, ұлттық дүниетанымның тілдегі көрінісін түсіндіруге және дәстүрлі зергерлік атауларды сақтауға ықпал етеді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


