А. Байтұрсынұлы мен Ж. Жәнібековтің тарихи және көркем бейнесі (С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасы бойынша)
Қаралымдар: 276 / PDF жүктеулері: 138
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-181-192Кілт сөздер:
Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанұзақ Жәнібеков, «Тар жол, тайғақ кешу», Алаш қозғалысы, «Қазақ» газеті, авторлық концепция.Аңдатпа
Бұл мақалада Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман-хроникасы негізінде Ахмет Байтұрсынұлының әдеби портреті жан-жақты талданып, оның бейнесінің тарихи-көркемдік қырлары мен идеялық мазмұны ашылады. Зерттеу нысаны – ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер аясындағы А.Байтұрсынұлының тұлғалық келбеті және Жанұзақ Жәнібековтің қоғамдық қызметі. Мақсат – авторлық концепцияны, тарихи шындық пен рухани құндылықтардың тоғысуын анықтау және екі қайраткердің ұлттық сана қалыптастырудағы рөлін көрсету. Әдіснамалық негіз ретінде тарихи-әдеби, салыстырмалы және құжаттық талдау тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, мәтіндік-салыстырмалы талдау арқылы авторлық баяндау ерекшеліктері мен кейіпкер бейнесін сомдау тәсілдері анықталды. Негізгі дереккөздер ретінде «Қазақ» газетінің материалдары, архив құжаттары және кезеңдік баспасөз мәліметтері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде, С. Сейфуллиннің А.Байтұрсынұлына қатысты ілтипаты мен шығармаларындағы астарлы оң бағалаулар дәлелденді; Ж. Жәнібековтің Алаш қозғалысы мен «Қазақ» газетіндегі редакторлық қызметінің ұлттық идеяны нығайтудағы орны айқындалды. Сондай-ақ, екі қайраткердің ортақ идеялық алаңы ретінде «Қазақ» газетінің тарихи маңызы мен қоғамдық ықпалы дәйектелді. Бұл зерттеу тарихи тұлға бейнесін кешенді талдаудың үлгісін ұсынып, әдеби портрет пен авторлық концепцияны зерттеудің әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




