Тілдік толеранттылықтың саяси маңызы: Қазақстандағы көптілділік саясаты


Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-169-178

Кілт сөздер:

тіл саясаты, толеранттылық, мәдениетаралық диалог, тілдік толеранттылық, үштұғарлы тіл, қоғамдық келісім, ұлттық бірлік

Аңдатпа

Бұл мақалада тіл саясаты мен толеранттылық ұғымдарының өзара байланысы мен олардың қоғам дамуына әсері қарастырылады. Авторлар тіл саясатын тілдіа қатынастарды басқару құралы ретінде сипаттай отырып, оның тарихи, саяси және әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді. Санымен қатар, толеранттылықтың мәні, оның мәдениетаралық диалог пен қоғамдық келісім үшін маңызы жан-жақты талданады. Қазақстандағы көпұлтты және көптілді қоғам жағдайында жүргізіліп жатқан тіл саясатының ерекшеліктері, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен үштұғырлы тіл саясатының маңыздылығы көрсетіледі. Мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдар мен бағдарламалар арқылы тілдік әртүрлілікке төзімділік қалыптастыруға, этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған шаралар сипатталады. Мақалада тілге деген толерантты көзқарас демократиялық құндылықтардың бірі ретінде қарастырылып, бұл саясаттың еліміздің тұрақты дамуы мен ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі ерекше аталады. Зерттеуде қолданылған әдістер салыстырмалы және мазмұндық талдау тәсілдеріне негізделіп, Қазақстандағы тіл саясатының қазіргі жағдайын саралай келе, тіл мен толеранттылықтың үйлесімді дамуын қоғам тұрақтылығының кепілі ретінде көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оңғар A. ., & Халел A. . (2025). Тілдік толеранттылықтың саяси маңызы: Қазақстандағы көптілділік саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 153(4), 169–178. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-169-178