Міржақып Дулатұлының шығармашылығы: деколониялық дискурс


Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 104

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-218-229

Кілт сөздер:

деколониялық дискурс, Міржақып Дулатұлы, ұлттық сана, отарлық жүйе, әдебиет, «Оян, қазақ!», ұлт-азаттық идеясы

Аңдатпа

Бұл мақалада Міржақып Дулатұлы шығармашылығындағы деколониялық: әдеби және ғылыми дискурсы талданады. Зерттеу барысында автордың әдеби және ғылыми туындыларына сүйене отырып, отарлық жүйеге қарсы бағытталған саяси әлеуметтік идеялар, ұлттық тарихи сана мен тіл, дәстүрлі мәдениетті сақтау мәселелері қарастырылады. М. Дулатұлының «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» және ғылыми еңбектеріндегі ұлт-азаттық, отарлау езгіге қарсы идеялары оның шығармашылығын деколониялық дискурстың жарқын үлгісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мақалада отарлық саясатқа қарсы тұру, ұлттық болмыс пен тарихи жадты қайта жаңғырту бағытындағы әдеби тәсілдер мен идеялар жүйелі түрде сарапталады. Міржақып Дулатұлының шығармалары — қазақ әдебиетіндегі деколониялық бағыттың бастауы ретінде ерекше бағаланады. М.Дулатұлы Алаш ғалымы А.Байтұрсынұлының емлесін қолдауды өзіне парызы деп санаған. М.Дулатұлы қазақ ғылымындағы шоқантанудың басында тұрған ғалым. «Тарихты білу керек» деген міндетке байланысты М.Дулатұлының «Хан Абылай». («Айқап», 1912. №12), «Қазақтың тарихы» («Қазақ», 1913. № 7; «Қазақ», 1913. № 3; «Қазақ», 22 март 1913.№ 7) зерттеулерінің ғылыми деколониялық ұстанымы анық. Ғалымның бұл зерттеулері отарлық үстемдікке қарсы тұрып, ұлттық айдентиканы сақтауға, отарлық білім жүйесінің үстемдігінен арылуға сол кездің өзінде зор әсер еткен ғылыми дискурс.

Әдебиеттер тізімі

Whispering Without A Body, (De)colonization of the Indigenous Language and Cultural Codes: Jorge Sanjinés from Manifestos to Third Cinema

https://www.researchgate.net/publication/369466338_Whispering_Without_A_Body_Decolonization_of_the_Indigenous_Language_and_Cultural_Codes_Jorge_Sanjines_from_Manifestos_to_Third_Cinema)

М.Дулатұлының публицистикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтар. С.Е.Тапанова, А.Қ.Умбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы 2023, №1 (142)

https://repository.enu.kz/jspui/handle/enu/1878?utm_source=

Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы Ғаламның тілдік бейнесі.

https://jospar.at.ua/publ/ylymi_zh_mystar/mirzha_yp_dulat_ly_shy_armalarynda_y_alamny_tildik_bejnesi/11-1-0-190?utm_source=chatgpt.com

Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы.

https://altyn-orda.kz/diplomdyk-zhumys-mirzhakyp-dulatov-shygarmashylygyndagy-aleumettik-filosofiyalyk-dunietanymy/

Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы: Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. 10.01.02 мамандығы бойынша / Күзембаев, Жамбыл Елемесұлы ... – Алматы : [Б.ж.], 2010. - 24, [6] б.

⁠ Міржақып Дулатұлы. Шығармалар жинағы. 5 томдық. 2-том. – Алматы: Мектеп, 2004.

Міржақып Дулатұлы. Шығармалар жинағы. 5 томдық. 3-том. – Алматы: Мектеп, 2004.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исмакова, А. . (2025). Міржақып Дулатұлының шығармашылығы: деколониялық дискурс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 151(2), 218–229. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-218-229