Қарым-қатынастағы жастар киберсленгі
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 78
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-116-126Кілт сөздер:
киберсленг, интернет-сленг, тіл экологиясы, киберсленг корпусы, ифрлық дәуірдегі медиаАңдатпа
Мақалада жастар арасында қолданылатын киберсленг бірліктерінің корпусын анықтап, «киберсленг» ұғымы туралы түсінік қалыптастырылған, оның жастар арасында қазақ тіліне тигізетін әсері мен ғылыми жетістіктерді дамытудағы маңызы көрсетілген, ағылшын және қазақ тілдеріндегі киберсленг ұғымын түсінудегі айырмашылықтар анықталған, сондай-ақ киберсленг бірліктерінің мағыналарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар талданған. Тіл мамандары қарым-қатынастағы тіл үнемі өзгерістерге ұшырап отырады деп дабыл қағады. Мақаланың өзектілігі тілдің «ұтқырлығымен», яғни тілдік қатынастың барлық деңгейлеріндегі тұрақты өзгерістермен, әсіресе жаһанданған әлемде технологиялардың қарқынды дамуы салдарынан интернет-сленг те белсенді функция атқарып тұр. Осы орайда тіл тазалығы немесе «тіл экологиясы» деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада автор отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттеріне талдау жасап, лингвистикалық экологияға көзқарастардағы айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде қарқынды дамуына байланысты «интернет сленгінің» пайда болу себептерінің бірі ретінде чаттар мен әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдардан келген хабарламаның мағынасын жасыру мақсатында «тілді сақтау» мәселелеріне тоқталды. Мақаланың негізгі мақсаты – медиа-кеңістіктегі киберсленгтің қайнар көздерін (қазақстандық жаңалықтар порталдары және хабар алмасу құралдары) талдау және салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, киберсленгтің тілдік және функционалдық ерекшеліктерін анықтау.