Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу талаптарының өзгеруі (APA стилі)
2025-08-28
Құрметті авторлар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы журналының редакциясы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап журналға ұсынылатын барлық мақалалардағы пайдаланылған әдебиеттер тізімі APA стилі (7-басылым) бойынша ресімделуі тиіс екенін хабарлайды.
Мақалаңызды дайындау барысында осы талапты ескерулеріңізді сұраймыз. APA стиліне сәйкес келмейтін материалдар алдын ала сараптау кезеңінде қайтарылуы немесе қабылданбауы мүмкін.
APA стилі бойынша мақала рәсімдеу мысалдарын журналдың ресми сайтындағы «Мақала рәсімдеу үлгісінен» қарай аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рахмет!
Редакция
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы