Редакциялық саясаты
Журналдың мақсаты филология мәселелерін шешуде қазақстандық академиялық ғылым дәстүрлерін әлемдік лингвистикалық жетістіктерімен байланыстыру арқылы кешенді тәсілді іске асыру үшін шығармашылық пікірталас алаңын құру болып табылады.
Журналдың міндеттері:
- филология бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;
- тиісті білім салаларында жоғары ғылыми стандарттарды сақтау мақсатында жетекші ғалымдарды, мамандарды рецензиялау процесіне тарту;
- географиялық және институционалдық шеңберлерге қарамастан филология саласындағы жаңа зерттеулермен ғылымды байыту;
- филология саласындағы әдіснамалық және теориялық әзірлемелер көрінісі;
- мақаланы редакциялық өңдеу кезеңін қысқартуға және журналға материалдарды берудің икемді кестесін қолдауға ұмтылу;
- қазақстандық ғалымдарды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кіріктіру;
- «ашық қолжетімділік» (Open access) ғылыми басылымы ретінде журналды дамыту;
- журналдың халықаралық деректер қорында және ашық электрондық ресурстарда болуын кеңейту;
- шетелдік оқырмандар үшін журналдың қолжетімділігін арттыру - зерттеудің мәнін ағылшын тілінде (Abstract), түйін сөздерді (Keywords) кеңейтілген баяндауды жариялау және латын әліпбиіндегі (References) әдебиеттер тізімін қайталау.
Тақырыптық бағыт: филология (тіл білімі, әдебиеттану, оқыту әдістемесі).
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Ашық қол жетімділік саясаты. Зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік жалпыға бірдей білімнің артуына ықпал етеді деген қағидаға сүйене отырып, журнал мақалалары барлық тілек білдірушілерге тікелей қол жетімді (мақалалар мұрағатына сілтеме: http://bulphil.enu.kz).
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰMFTCO» АҚ-ға ұсынылады. Журнал Elibrary.ru. базасында материалдар мұрағаттауды жүргізеді.
Жариялау шарттары. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналының редакциясына түскен қолжазбалардың барлығы міндетті түрде анонимді рецензиялаудан өтеді. Алынған шолулар негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.
МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
- Автор жіберген мақала журнал редакциясына түседі (қолжазбаның екі нұсқасы, оның бірінде авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер болмауы керек). Ғылыми басылымдар және ғылыми метрикалық ресурстар басқармасының журналға жауапты маманы (редакциялық бөлім) - журнал менеджері қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді. Автор мақаламен бірге журнал редакциясына мақаланың өзіндік сипатта жазылғандығы туралы Ілеспе хат, мақаланы плагиат мәніне тексеруге, әртүрлі деректер базасына және ақпараттық жүйелерге, оның ішінде толық мәтінді нұсқаларға енгізуге, жарияланған және баспагерге айрықша құқықтар берілген жағдайда келісімін беруге құқылы.
- Журнал менеджері плагиатқа арналған автоматты тексерудің лицензиялық жүйесі арқылы мақаланы орындау дербестігіне тексеруді жүзеге асырады (https://antiplagiat.enu.kz/). Мақаланы плагиатқа автоматты тексеру нәтижесі бойынша бойынша толық электронды есеп жүктеледі. Қанағаттанарлық нәтиже алмаған мақалалар (жұмыстың түпнұсқалық көрсеткіші 70%-дан кем, жасанды интеллектпен жасалған мәтіндер) одан әрі қарастыруға қабылданбайды. Журнал менеджері бұл туралы негізгі авторға/хат-хабар авторына хабар береді.
- Журнал менеджері түпнұсқалықтың қажетті межесінен өткен мақаланы бас редакторға (бағыт бойынша жауапты редакторға (бас редактордың орынбасарына) жібереді. Бас редактор (жауапты редактор (бас редактордың орынбасары) бағыт бойынша) мақаланың журнал тақырыбына сәйкес келуін қарастырады. Мақала сәйкес келмеген жағдайда, редакция авторға жариялаудан бас тарту негіздемесімен бірге хат жолдайды. Орта есеппен, мақаланы бастапқы қарау уақыты 2 аптаны құрайды.
- Бас редактор (бағыт бойынша жауапты редактор) бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақалаға ғалым немесе тиісті тақырып бойынша маман рецензентті тағайындайды.
- Журнал менеджері журналда мақала жариялау мүмкіндігін анықтау үшін рецензентке плагиатқа тексеру туралы толық есеппен бірге мақаланы жібереді.
- Журналда «екіжақты жасырын» рецензиялау әдісі қолданылады, онда редакция авторлар мен рецензенттердің есімдерін құпия сақтайды. Рецензент журнал редакциясына зерттелетін тақырыптың өзектілігін, автордың ғылыми салаға қосқан үлесін, алынған нәтижелердің деңгейін қамтитын мақала бойынша негізделген рецензияны ұсынады. Барлық рецензиялар мақаланы жариялауға ұсыну (түзетуге жіберілген немесе өзгеріссіз) немесе оның қайтарылуы туралы толық ақпаратқа ие. Әр мақалаға екі рецензент тағайындалады. Екі рецензияның бірі оң, екіншісі теріс болған жағдайда мақала үшінші рецензенттің қарауына жолданады.
- Рецензияны қайта қарау үшін алған жағдайда автор мүмкіндігінше қысқа мерзімде мақаланың түзетілген нұсқасын ұсынуы қажет. Бұдан кейін мақаланың жөнделген/түзетілген нұсқасы рецензентке қайта қарастыруға жіберіледі. Қарастыру мақала бойынша рецензенттің соңғы шешімін алғанға дейін жалғасады. Рецензенттің ескертулерімен келісіп, бірақ оларды түзетуге ниет білдірмеген жағдайда (ескертулерді толық жоймай мақаланы үшінші рет ұсынғаннан кейін) мақала қабылданбайды. Рецензенттің ескертулерімен келіспеген жағдайда автор/авторлар журналдың бас редакторына негіздемеге сүйенген хат жібереді. Бас редактор автордың/авторлардың өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.
- Мақала бойынша редакциялық алқаның барлық рецензиялары мен шешімдері мақала жіберу барысында метадеректерде көрсетілген негізгі авторға (немесе хат-хабар авторына) жіберіледі. Мақала бойынша барлық материалдар (мақаланың соңғы нұсқасы, рецензиялар, плагиат бойынша есеп және олар болған жағдайда басқа құжаттар) редакция алқасының отырысына жолданады. Журналда мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы шешімді рецензенттердің пікірлері негізінде журналдың редакция алқасы қабылдайды. Редакция алқасынан теріс пікір алған немесе қайтарылған мақалалар қайта қарастыруға қабылданбайды. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды. Орташа есеппен жариялау туралы шешім 8 ай көлемінде қабылданады.
- Жариялау материалдың дайындығына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезек ретін қалыптастыруға құқылы.
- Шығарылымның мазмұнын анықтағаннан кейін менеджер мақалалардың мәтіндерін (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) түзету және журналды беттеу жұмыстарын ұйымдастырады.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналына мақала беруде авторларға арналған нұсқаулық
Журнал редакциясы авторлардан ережелермен (журнал туралы жалпы ақпаратты, мақалаларды қарау тәртібін, авторларға арналған нұсқаулықты, жарияланым этикасын қамтитын журналдың редакциялық саясатымен) танысуды және журналға жіберілетін жұмыстарды әзірлеу кезінде осы тәртіпті ұстануды сұрайды. Белгіленген ережелерді ұстанбау мақаланың жариялануын кешіктіреді.
- Автордың мақаланы редакцияға жіберуі (авторлардың) баспагер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналда мақала басып шығару және оны кез келген шет тілінде қайта басу құқығына келісімін білдіреді.
- Редакцияға (ашық журнал жүйесі (OJS) арқылы) мақаланың Word файлдары ұсынылады (бет – А4, барлық жағынан шеттер – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі 14).
ХҒТАР http://grnti.ru/ бірінші жол, сол жақ; автор(лардың) инициалдары мен тегі – ортасына туралау, курсив; ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, автордың аты-жөнінің және тиісті ұйымның қасына белгі қою керек; автор(лар)дың электронды поштасы – жақшада курсивпен; мақаланың тақырыбы – ортасына қою қара шрифтпен). Стиль файлын http://bulphil.enu.kz журналының веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
Авторлар қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек, олардың біреуінде авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы ақпарат) қамтылмауы қажет, себебі «екіжақты жабық» рецензиялауда анонимді мәтін талап етіледі. Сондай-ақ, автор(лар) Ілеспе хат ұсынуы қажет. Мақала файлдарын мақала тақырыбының алғашқы 4-5 сөзімен атау керек (мысалы: 1. Тарбағатай топонимдеріндегі атаулар семантикасы – автормен файл; 2. Тарбағатай топонимдеріндегі атаулар семантикасы – авторсыз файл).
- Мақала көлемі 2000 (екі мың) сөзден кем емес және 5000 (бес мың) сөзден аспауы қажет. Мақала көлеміне қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі, референс, авторлар туралы мәліметтер есептелмейді. Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар журналдың редакция алқасының айрықша шешімі бойынша ерекше жағдайларда жариялауға қабылданады.
- Жұмыс мәтіні ХҒТАР айдарынан басталады. (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/), ары қарай автордың(лардың) аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) электронды пошталары, ORCID, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.
Аңдатпа зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Аңдатпа мақаланың дербес бөлігі бола отырып, түсінікті етіп жазылуы керек. Онда көлемді формулалардың болмауы, мазмұны бойынша мақала атауын қайталамауы, жұмыс мәтіні мен әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы тиіс, мақаланың қысқаша мазмұны, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланы толығымен оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу объектісін сипаттаудан басталып, мәселелерді және қолданылған әдістерді, көрнекті нәтижелерді және олардың маңыздылығын баяндау керек. Қажет болған жағдайда белгіленген терминологияны пайдалану керек. Аңдатпа көлемі 150-200 сөзді құрайды.
Түйін сөздер (7 сөзден немесе сөз тіркестерінен көп емес) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі; зерттеудің пәндік саласын анықтауы; мақала мәтінінде кездесуі тиіс сөздер. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Журналдың ықтимал авторлары тақырыптарға сәйкес мақала құрылымы (кіріспе, мақсаттар, тарих, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылаулар, қорытынды/тұжырымдар) туралы келесі ережелерді ұстануы керек.
- Мақала мәтінін түсінуді қамтамасыз ету үшін қажетті белгілер мен анықтамалар;
- Мақала тақырыбы бойынша нәтижелер қашан және қайдан алынғанына сәйкес толық сілтемелермен мәселені тұжырымдау туралы тарихи ақпарат;
- Кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі ретінде мақаланың міндетін анықтау қажеттілігі мен өзектілігін негіздеу;
- Мақалада келтірілген мәселенің шешімін нақты тұжырымдау және сипаттау;
- Мақала нәтижесі (нәтижелері) жаңалығының толық негіздемесі;
- Ұсынылған нәтижелер толық негіздемелермен қамтамасыз етілуі керек.
Осы талаптардың бірі сақталмаған жағдайда мақала қарастыруға қабылданбайды.
- Кестелер жұмыс мәтініне тікелей енгізіледі, олар нөмірленіп, жұмыс мәтінінде оларға сілтеме берілуі тиіс. Суреттер, графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттерді 600 dpi рұқсатымен орындау қажет. Суреттерде барлық мәліметтер, белгілер нақты, айқын көрсетілуі керек.
- Әдебиеттер тізімінде тек жұмыс мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер (дәйексөз ретінде немесе ағылшын алфавитінің ретімен нөмірленген) болуы керек. Нәтижелері дәлелдемелерде қолданылатын жарияланбаған жұмыстарға сілтемелер жасауға рұқсат етілмейді.
Келтірілген дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға келесі нұсқауларды орындау ұсынылады: барлық сілтемелерде ағылшын тілінде библиографиялық деректер болуы керек; сілтемелердің кемінде 50%-ы Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелуі тиіс; сілтемелердің кемінде 50% он жылдан жоғары болмауы керек, оның жартысы 3 жылдан жоғары болмауы керек; пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі мақала авторлары мен бірлескен авторлары жарияланымдарының рұқсат етілген саны жалпы санның 20%-нан аспауы тиіс.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары (ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері»):
Кітапты рәсімдеу:
а) Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.: Питер.Ком. – 1999. – 720 с.
Журнал мақалаларын рәсімдеу:
б) Забродин Ю.М. Методологические проблемы исследования и моделирования функциональных состояний человека-оператора // Вопросы кибернетики. Психические состояния и эффективность деятельности. – 1983. – Т. 3. № 25. – С. 15-21. doi: … (болған жағдайда).
Конференция материалдарын рәсімдеу:
в) Семенова В.Г. Самостоятельная работа студентов как важнейшая форма организации учебного процесса в рамках компетентностной модели образования // Организация самостоятельной работы студентов: материалы докладов ІІ Всероссийской научно-практической интернет-конференции. – Саратов: Новый проект, 2013. – С. 10-15.
Газет мақалаларын рәсімдеу:
г) Ахметова Н.Р. Психология студенческого возраста // Педагогический вестник. – 2009. – № 12. – С. 4.
Журнал мақалаларын рәсімдеу (ағылшын тілінде):
д) Pundak D., Herscovitz O., Shacham M., Wiser-Biton R. Instructors’ attitudes toward active learning //Interdisciplinary Journal of E-Learning and Learning Objects. – 2009. – Vol. 5. – P. 215-232.
Интернет ресурстарды рәсімдеу:
- e) Baldwin G. The teaching-research nexus: How research informs and enhances learning and teaching in the University of Melbourne. [Электронды ресурс] – 2005. – URL: http://www.cshe.unimelb. edu.au/ (қаралған күні:08.2017)
- Әдебиеттер тізімінен кейін библиографиялық деректерді (мақаланың атауы, автордың(лардың) аты-жөні, ұйымның толық атауы, қаласы, елі, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер) орыс және ағылшын тілдерінде (егер мақала қазақ тілінде рәсімделсе), қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде рәсімделсе) және қазақ және орыс тілдерінде (егер мақала ағылшын тілінде рәсімделсе) көрсету қажет.
- Содан кейін әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөліктерінің тіркесімі келтірілген. Транслитерация сілтеме бойынша http://translit-online.ru/ онлайн аудармашыны пайдалану арқылы келтіріледі. Бұл онлайн аудармашы қазақ әліпбиінің өзгеше әріптерінің транслитерациясын жүргізбейді. Мұнда авторлар қазақ мәтінін транслитерациялағаннан кейін келесі ережелерді басшылыққа ала отырып, түзету енгізуі тиіс:
ә |
ғ |
ң |
ө |
ү |
ұ |
қ |
і |
a |
g |
n |
o |
y |
y |
k |
i |
Әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөліктері тіркесімінің мысалы:
Book design:
А) Rubinstein S.L. Osnovy obshhej psihologii [Basics of general psychology] (Piter.Kom., SPb, 1999, 720 p.). [in Russian]
Journal article design:
В) Zabrodin Ju.M. Metodologicheskie problemy issledovanija i modelirovanija funkcional’nyh sostojanij cheloveka-opеratora [Мethodological problems of studying operator functional state modeling], Voprosy kibernetiki. Psihicheskie sostojanija i jeffktivnost’ dejatel’nosti [Questions of cybernetics. Mental status and performance], 3(25), 15-21 (1983). [in Russian]
Conferences proceedings design:
С) Semenova V.G. Samostoyatel’naya rabota studentov kak vazhneyshaya forma organizatsii uchebnogo protsessa v ramkakh obrazovatel’noy kompetentnostnoy modeli [Independent work of students as the most important form of organization of educational process within the educational competence model], Organizatsiya samostoyatel’noy raboty studentov: materialy dokladov II Vserossiyskoy nauchnoprakticheskoy internet-konferentsii, Saratov: Novyy proyekt [Organization of independent work of students: materials of reportsof the II all-Russian scientific-practical Internet-conference, Saratov: New project], 10-15 (2013). [in Russian]
Newspaper articles design:
- D) Ahmetova N.R. Psihologija studencheskogo vozrasta [Student psychology], «Pedagogicheskij vestnik» [Pedagogical messenger], 12, 4 (2009). [in Russian]
Аrticle from the journal in English design:
- E) Pundak D., Herscovitz O., Shacham M., Wiser-Biton R. Instructors’ attitudes toward active learning, Interdisciplinary Journal of E-Learning and Learning Objects, 5, 215-232 (2009).
Internet resources design:
- F) Baldwin G. The teaching-research nexus: How research informs and enhances learning and teaching in the University of Melbourne. [Electronic resource] - Available at: http://www.cshe.unimelb.edu. au/.htm (accessed 15.08.2017).
Егер дереккөздің ресми аудармасы болса және ол ағылшын тілінде де жарияланса, онда әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөлігінің тіркесімінде ағылшын тіліндегі ресми аудармасын көрсету қажет.
Мысалы, мақала:
Баилов Е.А., Сихов М.Б., Темиргалиев Н. Об общем алгоритме численного интегрирования функций многих переменных // Журнал вычислительной математики и математической физики. – 2014. – Т.54. – № 7. – С. 1059-1077.
Ресми аудармасы бар:
Bailov E.A., Sikhov M.B., Temirgaliev N. General algorithm for the numerical integration of functions of several variables, Computational Mathematics and Mathematical Physics. – 2014. – Vol. 54. – Issue 7. – P. 1061-1078.
- Бұдан кейін авторлардың әрқайсысы бойынша мәліметтер енгізіледі (аты-жөні, ғылыми атағы, мекенжайы, қала, мемлекет, телефон, е-mail - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде).
- Редакция мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Сәтпаев к-сі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, оқу-әкімшілік ғимараты, 402 каб. Тел: (7172) 709-500 (ішкі 31-410).
- Төлемақы. Жариялауға оң қорытынды пікір алған авторлар төменде көрсетілген деректемелер бойынша төлеақы жасауы қажет.
ЕҰУ қызметкерлері үшін төлем – 1 бетке 2 000 теңге (электронды нұсқа), 1 бетке 2 500 теңге (электронды және қағаз нұсқасы).
Өзге ұйымдар үшін – 1 бетке 2 500 теңге (электронды нұсқа), 1 бетке 3 000 теңге (электронды және қағаз нұсқасы).
Реквизиттер:
НАО «Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева»
БИН 010140003594
1) АО "Банк ЦентрКредит"
БИК Банка: KCJBKZKX
KZ978562203105747338
Кбе 16
Кнп 859 – мақала үшін
2) АО «Bank RBK»
БИК Банка: KINCKZKA
ИИК: KZ498210439858161073
Кбе 16
Кнп 859 – мақала үшін
3) Төлемді Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізуге болады.
Kaspi.kz -> Төлемдер -> Білім -> ЖОО және колледждер -> Оқу орнының атауы (ЕҰУ) ->
- Төлем түрі – мақалалар мен жарияланымдар
- Факультет – Филология факультеті
- Мамандық – журнал номері (мысалы, 2(141)/2022)
- ЖСН – төлем жасаушының ЖСН
- ФИО – автордың аты-жөні
- Түсініктемелер – журнал сериясы